«Фараби әлемі» конференциясы

Басты бет / Оқушыларға пайдалы ақпараттар / «Фараби әлемі» конференциясы

«Фараби әлемі» конференциясы — Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз «Фараби әлемі» конференциясы бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Смагулова А.С. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының и.о.доценті

Рахимбаева Р.М. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының PhD докторанті аға окытушысы

2021 жылдың 6-8 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Халықаралық қатынастар  факультетінде Дипломатиялық аударма кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» конференциясы болып өтті. Жыл сайын тұрақты түрде өтетін конференцияның биылғы жылы өте қызықты болды. Екі секция жумыс жасады. Өздеріңізге белгілі, әлемді коронавирус індеті жайлап отырған жағдайда дәстүрлі «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдар ғылыми конференциясы да онлайн-конференция форматында ұйымдастырылды. Менің жетекшілігімдегімде 2 магистрант қатысты Рыспек Айпара және Отепова Айымгул. Секция барысында осы кезеңнің әр түрлі өзекті тақырыптары бойынша  студентер  дайындаған баяндамалары тыңдалды.

Жалпы «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың онлайн-конференциясы қызу талқылаулармен, жоғары деңгейде өтті. Конференция қорытындысы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстары әр түрлі марапаттауларға ұсынылды.

 Конференция жұмысына байланысты жасайтын ең басты  қорытындымыз – мына, әлемді жайлаған коронавирус індеті жағдайында және сонымен байланысты университетімізде жаппай енгізілген қашықтықтан оқыту технологиясы жағдайында студенттердің ғылымға деген қызығушылығының бәсеңдемегені, керісінше арта түскендігіне көз жеткіздік. Бұл университет оқытушыларын ерекше қуантқан жағдай болды.  Мұның өзі қазақ жастарының еліміздің болашағы ғылым мен технологияда екендігін жақсы түсінетіндігінің айқын айғағы деп білеміз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Смагулова А.С.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Фараби әлемі» конференциясы туралы не білуге болады?

Бұл бетте «Фараби әлемі» конференциясы тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Оқушыларға пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Фараби әлемі тақырыбындағы материалдар конференция тақырыбындағы материалдар aikaa жариялаған басқа материалдар