Өлең, жыр, ақындар

БІЛІМНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің ең танымал, білімі жоғары, әрі ең көне университеттерінің бірі екенін бәріміз білеміз. QS World University 2021 бойынша ҚазҰУ әлемнің ең мықты 200 университетінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды. Бұл тек білім ордасы үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан үшін де үлкен жетістік.

Қазақ Ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті әр аймақтың студенттерін, магистранттар мен докторанттарды байланыстырып қана қоймай, шетелден келген, атап айтқанда Ауғанстан, Қытай Халық Республикасы, Түркменстан және өзге де елдерден келген студенттерді оқытуда.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2020»  номинациясын факультетіміздің беделді әрі білікті оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Рахимбекова Бақыт Қуанышбекқызы жеңіп алды. Ал биыл 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы қызметі үшін»  тарих ғылымдарының докторы, профессор Хафизова Ш.С., философия ғылымдарының докторы, профессор Абдигалиева Г.К., LLM, заң ғылымдарының кандидаты (халықаралық құқық) Каукенов А.С. алса, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атты марапатқа әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Илеуова Г.Т., саясаттану ғылымдарының докторы Мұсатаев С.Ш., және саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Насимова Г.Ө. ие болды.

Сонымен қатар әлемге әйгілі Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиясы жыл сайын ең үздік студенттерге беріледі. 2020 жылы бұл қордан 37 стипендия бөлініп, соның   4-ін ҚазҰУ студенттері қанжығасына байлады, оның 2-і стипендиясын Философия және саясаттану факультетінің магистранты мен докторанты ұтып алды. Біздің факультеттің студенттері мен жас зерттеушілері Германияның Фридрих Эберт қорының қолдауымен кездесулер, онлайн/офлайн конференциялар өткізеді, сонымен қатар жас ғалымдарға қаржылай та көмек беріледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жыл сайын ұйымдастыратын «Студенттер/магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы» атты конкурсынан  2020 жылы магистрантымыз 1-ші орынды иеленді.

 «Саясаттану» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық олимпиадасы жыл сайын еліміздің үздік ЖОО арасында өтеді. Біздің факультеттің студенттері қатарынан 8 рет бірінші орынды иеленіп, олимпиада өткізу құқығына ие болуда. Бұл жетістік біздің факультетіміздің бірден-бір мақтанышы болып табылады. ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті әлемнің түрлі мықты университеттері және зерттеу орталықтарымен тығыз ғылыми ынтымақтастық байланысын құрып келеді. Эразмус Мундус, ДААД және өзге де стипендия/гранттардың арқасында студенттеріміз шет елдің университеттерінде білім алуда. Факультетіміздің жетістіктері өте көп, мұғалімдеріміз де Болашақ бағдарламасы арқылы жыл сайын шетелде тағылымдамалардан өтеді. Қазіргі таңда open.kaznu онлайн платформасы белсенді жұмыс жасап жатыр, психологиядан бастап саясаттану, философия, әлеуметтану, дінтану ғылымдарына арналған түрлі онлайн курстарды тегін көруге болады.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет еліміздің ең мықты университетінің бірі болса, саясаттану мамандығы университетіміздің ең мықты мамандықтарының бірі болып табылады. Себебі, мықты ұстаздар мен профессорлардың құрамы, студенттерге деген ерекеше қарым - қатынас және білім берудің инновациялық әдіс - тәсілдері, студенттерге, магистранттарға, жас ғалымдарға деген қолдау ерекше. Сонымен қатар, кафедра, факультет және университетіміздің тағы бір ерекшелігі - бұл өте қанық студенттік өмір. Әр студент/магистрант өзіне қызықты, әрі жүрегіне жақын ұйымдар мен бірлестіктерге қатысып өзін таныта алатыны сөзсіз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз