Қазақ халқының асыл әдеби мұраларының жаршысы, бүгінгі мәдениет пен қоғам айнасы, өз тарихын сонау XX ғасырдың 20 жылдарынан бастаған, баспасөз тарихында орны ерекше басылымдардың бірі - Жұлдыз” журналы.
Бәріміз білетіндей қазақ баспасөз тарихында әр басылым өзінің ерекше бір қырымен, сондағы жарияланған материалдарымен өз орнын ойып тұрып алған. Сол секілді “Жұлдыз” журналының да өзіне тән өзгешелігін, ондағы жарияланған материалдарынан аңғаруға болады. XX ғасырларда қазақ әдебиетінің көсегесін көгертіп, алтын қорын байыта түскен іргелі шығармалардың бәрі дерлік осы “Жұлдыз” журналында жарық көріп, алдағы оқырмандар өміріне өз жолдамасын алды. Ал қазіргі басылым беттеріндегі көтерілетін мәселелер, материялдар қандай сарында жазылатыныдығын бірер мақалаларын талдау арқылы анықтап көрелік.
“Жұлдыз” журналының 2020 жылдың 11 мамырындағы нөмірінде жас журналист Әлібек Байболдың “«Құпия оқулықта» не айтылған екен” атты мақаласы жарияланған. Бұл мақаланың мазмұнын алып қарар болсақ, журналист балалар жазушысы Өтепберген Ақыпбектің 2004 жылы жарыққа шыққан “Құпия оқулық” атты балалар жинағының ішкі мазмұнын талдап, тарқатып береді. Автор кітап жайлы пікірін айтып, талдап қана қоймай, сол оқулықтан мысалдар келтіру арқылы ойын дәйекті де дәлді етіп жеткізген. Журналистің шағын ғана мақаласынан-ақ жазушы жинағының қаншалықты бағалы, тәрбиелік мәні зор екендігін бірден аңғарамыз. Мақаланың ерекшеліктерінің бірі жазылу стилінде, яғни қарабайыр сөздермен емес, көркем әдебиет тілінде оқырмандарына жеткізілуі. Осыдан автордың сөздік қорының кең екендігін, оқыған-тоқыған, өз кәсібінің мықты маманы екендігін байқауға болады. Бұл мақаладан кейін бірден осы кітапты қолыма алып оқығым келіп кетті. Менің ойымша, журналистің бойындағы ең бір керекті қасиеттердің бірі, өз қаламынан шыққан кез-келген тақырыптағы туындыларына оқырмандарын сендіре білу, сол қозғалған мәселе аясында қызығушылығын оята алу, белгілі бір әрекеттерге талпындыра білу керек деп білемін.
Келесі талдайтын мақалам алдыңғы жылдың 10 мамырында жарияланған Дана Асылжанованың қаламынан шыққан “Үш тұғырлы тіл аясында ағылшын тілін оқытудың жүйесі” атты мақаласы. Тақырыбынан-ақ байқап тұрғанымыздай, мақалада бүгінгі таңның өзекті мәселелерінің бірі үш тілділік мәселесі жайында сөз қозғалады. Автор осы үштілдікке, әсіресе оның ішінде ағылшын тіліне аса ден қояды. Қазіргі кезде ең бір көп қойылатын сұрақтардың біріне, яғни “Ағылшын тілін қанша жастан бастап оқыту керек?” деген сауалға өз мақаласында жауап іздейді. Автор ағылшын тілін бастауыш мектептен бастап оқыту дұрыс емес екендігін айтып, өз жауабын шетел ғалымдарының жүргізген зерттеулерімен, айтқан, дәйектеген пікірлерімен бекітеді. Шыныменде, мақаланы оқи отырып әліппені енді ғана үйреніп жатқан балаға басқа тілдің әріпін үйрету қаншалықты дұрыс? -деген сұрақ туындайды. Осы сауалға автор жауап іздеп, оқырмандарға жан-жақты талдап беруге тырысқан. Мақаланың ерекшелегін айтар болсақ, жас журналист осы мәселеге қатысты өз көзқарасын жай білдіріп, айтып қана қоймай, ұстанған пікірінің дұрыстығын іздену арқылы дәлелдеп беруінде, сол себепті мақаладағы әр сөзі дәлелді де дәйекті.
Жалпы “Жұлдыз” журналының бүгінгі күні жарияланып жатқан, яғни мен оқыған материалдарының көпшілігі дерлік тұғырлы тілімізге, әдебиет пен мәдениет саласына, танымы терең тарихымызға қатысты мәселелер екендігін байқадым. Басылымның тарихи орны оның мәнінің негізін айшықтап тұрғандай, ал журналдың мазмұнды жинағы әрбір адамзат болмысына үлгі болып қала бермек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі