Ешнәрсе қуантпайтын, ешнәрсе қызық емес болатын кездер болады. Дәл сол кезде өміріңе өзгеріс енгенін қалайсың. Ерекше бірнәрсе болса екен дейсің. Сол нәрсе анық жетіспей тұрған кездер болады. Ол не нәрсе екенін де білмейсің. Бірақ, ол сенің әлеміңді селт еткізер дүние болуы керек. Әрине, мүмкін емес нәрсеге кім қолын созсын. Адамға күлкі сыйлау үшін қарапайым нәрселердің өзі жеткілікті.Адамдардың бәрі қарапайым тек оны өздері күрделендіріп алады. Өмірде бір ғана қағида. Бар ма бар, жоқ па жоқ! Болды. Басқасы сене алмаймын, көне алмаймын, қабылдай алмаймын, олай болуы мүмкін емес, тіпті де олай емес деген өзімшіл ойдан шығатын алдамшы дүниелер. Адам өзі ұнатқан адамға немесе затқа қол жеткізгісі келсе бәрін істеп бағады. Бәрін! Оның ішінде санаға сыймайтын ақымақтықтар да болары анық. Дәл осы жағдайды екінші қырынан ойлап көрген де дұрыс шығар. Бәлкім, ол адам немесе әлгі зат әу бастан мүлдем өзге біреу үшін жаратылған болар. Бұл шындықты қабылдау қалауына жете алмаған адам үшін қиынға соғады. Ол бастапқы ойынан бас тартпайды. Бірақ, уақыт жәрдемші бәрін өз орнына өзі - ақ қойып береді. Бәрін түсіну үшін мүмкін бір жыл, мүмкін он жыл, мүмкін өмірінің соңына дейін уақыты кетер. Соңғысы болса өкінішті. Қолымыз жетпеген дүниелер үшін еш мұңаюдың қажеті жоқ. Және оларға кетірген уақыттар үшін де. Өмірімізде орын алған әрбір оқиға, сол кездегі сезінген сезіміміз, түйген ойымыз, одан алған сабағымыз бәрі де үлкен өмірге, бүгінгіден де жақсы өмірге бастар тәжірибе болмақ. Сол үшін де айтарым, өткенге өкінбеңіздер, қазіргінің қадірін біліңіздер, болашаққа үлкен мақсаттар қойыңыздар! Сонда бәрі де жақсы болады.
Мұқанғали Ақерке
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі