Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Ұзақ жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі оңай бола қойған жоқ . Осы жылдар ішінде аталған елдердің басшылары, сыртқы істер министрлері, талай мәрте бас қосып, Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Сол кездесулердің барлығы қызу пікірталас жағдайында өткені тарихтан белгілі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ , Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбританя мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан- Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны стратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көзі қарақы көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымының бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік кеңесінің Ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше.
Халықаралық қоғамдастықта орны айрықша, небір өзекті мәселелерді салқынқандылықпен шешіп келе жатқан Бас Ассамблеяның алғашқы сессиясы осыдан 60 жыл бұрын, 1946 жыдың 10 қаңтарында Лондондағы Вестминистер орталық залында ашылған. Ондағы инагурациялық сөз сөйлеу құрметіне Ұлыбританияның премьер-министрі Клемент Эттли ие болды. Бельгиялық Поль Анри Спаак бірінші сессияның президенті болып сайланыпты. Қауіпсіздік Кеңесінің алғашқы отырысы қаңтардың 17-сінде болса, оған Австралияның елшісі төрағалық еткен.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір+бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарады.
Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірден- бір ел. Бұл мәселені БҰҰ аясындағы жиындарда үнемі көтеріп, өзге мемлекеттерге үлгі көрсетіп келеді. Еліміздің ядролық қаруды сынақтан толық тоқтату жөніндегі табанды ұстанып, БҰҰ тарапынан қолдау табуда. Мәскеуде 2001 жылдың тамызында Алматыда өткен «ХХІ ғасыр: ядролық қарудан азаттық жолында» атты халықаралық конференциясында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары В.Петровскийдің: «Халықаралық қоғамда азаттық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік жігермен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзін-өзі жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындығының жарқын мысалын көрсетті», – деп мәлімдеуі Қазақстанның осы мәселеде ұстанған бағытының дұрыс екендігін көрсетеді.
Қазақстан, сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекет ретінде мүше мемлекет ретінде саяси проблемалардың, оның ішінде Орталық Азия аймағы елдерінің қауіпсіздігіне қатысты проблемалардың реттелуіне де ұйытқы болып келеді. Бұған БҰҰ аясында өзінің Мыңжылдық саммитінде Қазақстан басшысының ауған мәселесін реттеуде тиісті нәтижелердің болмай отырғанына алаңдаушылығын білдіре келіп, оны тұрақтандыруда нақты іс-шараларды әзірлеу үшін Ауғаныстан мен Орталық Азиядағы жағдайды қарауға арналған Қауіпсіздік Кеңесіне арнайы отырысын шақыруды өтінгені болмақ . Өйткені, Ауғаныстағы жағдай Орталық Азия елдерімен қатар, өзіндік аймақтарда қауіпсіздік сақтауда кері ете бастаған. Кейінірек, яғни 2001 жылдың сәуірінде Қазақстаннның осы ұсынысы Қауіпсіздік Кеңесіне және Бас Ассамблеяның 55-сессиясында ресми Құжат ретінде қатысушы елдерге таратылды. Бүгін Қазақстан ұсынысы Ауғаныстанды қалпына келтіру жұмыстарында өз нәтижесін беріп жатқанын атап өткен жөн. Еліміз БҰҰ-на мүше болғаннан бергі аралықта Ұйым жұмысында қабылданған халықаралық конвенциялардың көпшілігіне қосылды. Мысалы, адам құқықтары, халықаралық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғау, есірткіге бақылау жасау, тағы басқа да конвенциялар қосылып, өз ұстанымын ашық білдіріп келеді. Нақты мысал келтірейік, БҰҰ Ассмаблеясының 53-сессиясында Қазақстан Орталық Азиядағы транзит мәселелері бойынша қарар қабылдауға бастама болған еді. Өйткені, Еуропа Азия елдерінің арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін ұлттық және аймақтық көлік инфрақұрылымдарды қалыптастырудың маңызы зор. Осының негізінде Еуропа мен Азия арасындағы транзитттік көлік қатынастарын дамыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру жөніндегі донор елдердің тарапынан болатын іс-шаралардың халықаралық құқықтық негізін құру жұмыстары кең алына бастады.
Мүйізі қарағайдай ұйымның Қазақстандағы өкілдігіне жұмысқа кіру үшін үміткер ағылшын және орыс тілдерін білуі міндетті екен. Ал қазақ тілін білетіндерге сәл ғана басымдық берілетін көрінеді. Яғни қазақша білмесең де БҰҰ-ның еліміздегі өкілдігіне жұмысқа тұра аласың. Ал орысша сөйлей алмасаң, беделді ұйымның іргесіне жақындау қиын.
Жоғарыда атап өткен хабарламаны қандай да бір шетелдік жеке компания таратса түсінер едік. Өйткені «қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса». Алайда БҰҰ – бүкіл әлемге ортақ ұйым. Іргелі ұйымның жарғысында тайға таңба басқандай көрсетілген. Бұл сөзімізді «Біз, Біріккен Ұлттар Ұйымының халқы ретінде...» деп басталатын преамбула айғақтайды.
Бәлкім, орыс тілі – БҰҰ-ның ресми тілдерінің бірі екенін алға тартып, ақталатындар табылар. Бірақ салыстырып қарасақ, бұған дейін КСРО құрамында болған бірқатар мемлекетте жергілікті халықтың ана тіліне басымдық берілген. Мәселен, БҰҰ-ның Грузиядағы өкілдігіне жұмысқа тұру үшін ағылшын және грузин тілін білу міндетті. Алда-жалда үміткер орыс тілін білсе, «нұр үстіне нұр».
У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті
Қажымұханқызы Аружан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультетінің 1 курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі