Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринның 180 жасқа толуына орай «Ыбырай Алтынсарин тарихи уақыт контекстінде: қазақ көшпенділері әлемінің өзгерісі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Ғылыми –танымдық шара барысында Ы.Алтынсаринның тұлғалық, ағартушылық қызметін жаңа көзқарастар негізінде зерделеу бойынша ғалымдар өз көзқарастарымен бөлісті. Атап айтқанда, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, т.ғ.к.,доценті Тугай Т.И. «Алтынсарин феномені империялық білім беру саясаты жағдайында» тақырыбында , Қазан мемлекеттік Мәдениет институты, т.ғ.к., доценті Муфтахутдинова Д. Ш. «Дала өлкесінде араб алфавитін кириллицаға ауыстыру процесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, т.ғ.д. профессоры Сұлтанғалиева Г.С. «Тоғысқан тағдырлар: Ыбырай Алтынсарин мен Каюм Насыров», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, т.ғ.к., доценті Бегимбаева Ж.С. «Ыбырай Алтынсарин және Орыс Географиялық Қоғамының Орынбор филиалы», Ресей тарихының институты, т.ғ.д. профессоры Аманжолова Д.А. «ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көзқарасы бойынша қоғамды мәдени тұрғыдан жаңғырту мәселелері» тақырыбында ғылыми, мазмұнды баяндамалар оқыды. Ы.Алтынсариннің ағартушылық педагогикалық қызметі тақырыбы бойынша ой - пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстелде Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі және ұлттық мектеп қалыптастырудағы еңбегі талданды.
ҚазҰУ-дың т.ғ.д. профессор Омарбеков Т.О. өз пікірін білдіру барысында Ыбырай мен Абайдың арасындағы сабақтастық, Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтың ұлы ағартушы Ы.Алтынсаринге қатысты көзқарасы туралы тұщымды ойларын ортаға салды. Ұлы педагог туралы ғылыми тұжырымдардың талқылануы, Ыбырай Алтынсаринның тұлғасын әлі де зерттеп, зерделей түсуді аңғартқандай.
К.Т. ЖҰМАҒҰЛОВ, т.ғ.д., профессор, дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
Ф.Б.ЖОРЫКБАЕВА, педагогикалық тарих мамандығының 1-курс магистранты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі