«Жұлдыз» журналының 2020 – жылдың мамыр айындағы санында тілші Әлібек Байболдың ««Құпия оқулықта» не айтылған екен?» атты мақаласы жарияланыпты. Автор мақаласында балалар әдебиетінің жазушысы, шығармалары қалың жұртқа көптен таныс қаламгер – Өтепберген Ақыпбектің «Құпия оқулығын» сөз етеді.
««Құпия оқулық» көлемді болмаса да, көтерген жүгі ауыр, айтары арыда жатқан жинағындағы «Көрімдік», «Сүндет той», «Азан», «Рамазан айы», «Жарапазан», «Қадір түні», «Ораза айт», «Қазан аузы жоғары», «Жолың болсын, Ұлым!», «Жыл мезгілдері», «Жаз. Аптап. Шаңқай түс», «Лақ пен лак», «Мұрат пен сұрақ», т.б. шымыр, сондай-ақ «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» жырлары – балдырған үшін таптырмас базарлық.» - деп, балаларға арналып, ықшамдап жазылған кітапты таныстырып, балалар әдебиеті ылғи да үлкендер әдебиетінің көлеңкесінде қалып қойып жүргенін алға тартты.
«...сонымен бірге, оларды мектеп, лицей, колледж, университеттің оқу бағдарламасына енгізіп, тұрақты түрде оқытып, айтып, насихаттап, зерттеу жүру – міндет!..» - деп ұсынысын білдірді.
Расында да, балалар жазушыларына қолдау көрсетілсе кітапқа үйір, тілі шұрайлы, ойы көркем балалар саны артпақ. Ал көркем шығарма жазу үшін үкімет тарапынан жазушыларға қолдау керек.
Журналды ақтара келе 2021 жылдың алғашқы санында жазушы Әлібек Асқардың «Қаратай мен Анна-Лиза» атты деректі әңгімесін көзім шалды. «Жас толқын» бөлімінде жарияланған бұл туынды шынайы оқиға негізделген. Қаратайдың шешесі 12 құрсақ көтерсе де, тағдыры қатал болып 10 баласы өмірден өтеді. Кейін туыстарының айдап салуымен құдай қосқан қосағы «халық жауы» атанып, артынша өмірден өтеді. Туыстарынан қорлық көрген Қаратайдың шешесі Бақтыгүл асау жылқыларға тұсау салып, ер адамдай күнін көрген. Осылайша Қаратаймен бауырын ел тізгінін ұстар азамат етіп өсірді.
Ал, әңгімедегі фин ұлтының қызы Анна – Лиза Қаратайдың ғашығы еді. Ленинградтан келген әйел қазақ еліне жер аударылған жолдасын іздеп, ақыры оның өлімін туралы естейді. Анна – Лиза мен Қаратай мектепте әріптес болып, артынша екеуі отау құрады. Қанша дегенмен Анна – Лиза бұрынғы «халық жауының» әйелі еді. Бұл атаққа мойымай, халықтың сөзін елемеді. Қаратай мұны білсе де әйелге қорған бола біліп, мәрттік білдірді. Қаратай жарының қолдауымен біршама жетістікке жетіп, савхоз директоры атанды.
Осы әңгімеге «Жетістікке жеткен әр еркектің артында әйелдің махаббаты тұрады, ал жетістікке жеткен әр әйелдің артында ер адамның сатқындығы тұрады» деген тәмсіл саяды. Әлібек Асқар бұл әңгімесімен нәзік жүректің ішінде мықты қайсарлық қасиеттің жатқанын суреттейді.
Басылымның кезекті ақпан айындағы санында Қазақстан Жазушылар Одағының Оралдағы филиал директоры Бауыржан Халиолланың «Ақжайық өңірі қазақ әдебиетіне сом тұлғалар сыйлады» мақаласында өңірден шыққан бірегей ақын – жазушыларды атап өтті. Бірақ, бекзада өнерді бойға сіңіргенімен бейбақтың күнін кешіп жүрген әдебиетшілерді жағдайын атап өтті. Осы орайда «Жұлдыз» журналының редакторы Ғалым Жайлыбайға алғысын білдірді. Онда: «...туған жердің төрінде, облыс орталығында жүрген қаламгерлердің шығармашылығын белгілі бір аймақта ғана насихаттау-мен шектеліп қаламыз. Осы мәселені «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбайға жеткізгенімізде, ол ағамыз жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын басылымға беруге бірден келісім берді.»
Осыдан – ақ редакцияның келген материалды тек жариялап отырмай, жергілікті жердегі дарындыларға көмек қолын созып, жазушының кеудедегі шоғы сөнбеуіне әрекет жасағанын түсінеміз.
Шындығына келгенде біз жастар белгілі тұлғалардан бөлек көп ақын – жазушыларлы тани бермейміз. Себебі олардың шығармашылығы бізге жетпей жатыр. Ал «Жұлдыз» журналы олардың еңбектерін оқып, өздерін танып білуімізге таптырмас басылым.
Бүгінгі рухани бай «Жұлдыздың» тыныс – тіршілігі қызу. «Поэзия», «Сырсандық», «Проза», «Түрік дүниесі», «Сөз сәулесі», «Жас толқын» айдарларында өлеңдер мен әңгімелер ай сайын басып отырады. Бір байқағаным, журналда қарт кісілердің белсенділігі жоғары. Зейнеткерлер, ұстаздар мен әдебиет өкілдері төл туындыларын «Жұлдыз» журналы арқылы қалың көпшілікке ұсынып отыр. Өзге басылымдардан өзгеше, ай сайын бет саны 200 - ге жуықтап шығатын «Жұлдыз» журналының жай – жапсары осындай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі