Гаджеттерден түрлі желілерге кіріп, еуропаның етегіне еріп, біреудің қаңсығын таңсық қылып жатырмыз. Соның бірден бір дәлелі туған күн иесінің бетіне тортты «былш» еткізіп жапсыру. Кремін үстіне, нанды денеге жапсырып, аяқпен езгілеу ысырапшылдық болмай немене!?
«Нанды қастерлеуміз керек» деген сөздер құр бос, селдір сөзге айналды. Ащы термен келген еңбекті аяққа таптағанымыз адамдық құндылығымыздан айырмай ма?! Қазақ «Құдай, маңдайға жазбай ештеңе болмайды» дейді. Бұл Сталиннің сұм саясатынан бөлек құдайдың берген жазасы ма деп ойлаймын. Себебі, байырғы қазақ қонағын құдайындай құрметтеп, құдайы қонаққа мал атап, бас астыртатыны рас. Қалған азықтың ысырап болуы, бай- бағландардың астамшылдығы құдайдың берген жазасы ма дерсіз.
Әлемде экологиялық дағдарыс болып, шектеулі болып жатқанда шашып, төгілудің керегі не?! Әлемнің жас әрі қайыршы мемлекеттері азыққа зәру болып отырғаны белгілі. «Жақсы айтпай, жаман жоқ» деген атам қазақ. Асып- тасып, төгіп- шашып жүргенде 31 жылғы жағдай қайталануына кім кепіл?!
Замандастарымның арасында бірінен - бірі қалмай, нанды бетке «жапсырып» аяққа езу бәсекеге айналып, заманауи дәстүрге айналды. Еліміздің атқа мінер азаматтары бұл жағдайға ауыздық салмаса, өрши түсері анық. Қоғамдағы бұл дерт адамдық қасиетімізді жоғалтады. Айналамыздағы тағамға деген аста – төк астамшылдық мұнымен аяқталмады.
Құранда «ысырап етпе, ысырап етушілер сөзсіз шайтанға бауыр болмақ» дейді. Ашқа азық болған нанды аяққа таптап, шыныдай шашып, таптау рухани жадымызды жабырқатып, төмендетені һақ.
Аралбай Камшат Жәнібекқызы
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі