Өлең, жыр, ақындар

Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолдану

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық почта, презентация, анимациялық суреттер және тағы басқалардың көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер – адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады.  Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.

Оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар алдыңғы қатарлы университеттер мен институттардың ғылыми және білім беру потенциалын белсендірек пайдалануға қашықтан оқыту курстарын құруға ең үздік оқытушыларды тартуға, үйренушілер аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік оқыту саласындағы жинақталған бай тәжірибеге қарамастан, көптеген шет тіл оқытушылары компьютерлік оқыту құралдарын пайдалану мүмкіндігіне сақтықпен қарайды.

Оқыту құралы ретінде компьютер барлық артықшылықтарлы іске асыруға қабілетті. Сонымен бірге оқыту процесінде компьютерді пайдалану техникалық құрылғыларға қойылатын талаптармен реттелген, және белгілі бір қағидаларға сәйкес келуге тиіс:

·келісімділік;
·қажеттілік;
·сенімділік;

Келісімділік қағидасы: Оқыту мазмұнына, мақсаттары мен кезеңдеріне, пайдаланушылардың жастық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қолданылатын оқыту әдістемесіне байланысты пайдалану жағдайларын нақты анықтауды ұйғарады.

Қажеттілік қағидасы: Мтериалды меңгеру жылдамдығын жеделдетуге, сөйлеу қызметін белсендіруге, көбірек ұтымды тәсілмен оқу мақсатына жетуге, оқытушының немесе оқушының жұмысын жеңілдетуге, оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сенімділік қағидасы: Оқыту үшін әрбір компьютерлік бағдарламасын тәжірибелік тексеруді жүргізу қажеттілігіне, сондай-ақ дидактиканы қолданумен сабаққа ұйымдастырушылық дайындық кезеңінің барын көрсетеді.

Компьютер шет тілдері оқытушыларына бірнеше көмек көрсете алады.Жаңа жағдайларда оқытушы дәстүрлі оқу құралдарын ғана емес, сонымен қатар ақпараттық – технологияларды пайдалануға тиіс. Бүкіләлемдік желі, электрондық білім беру ресурстары өз оқушыларының, сондай-ақ өзінің білімін кеңейткісі келетін оқытушы - пән мұғалімі үшін жақсы көмекші бола алады.

Қажетті анықтамалық материалды іздеу үшін компьютерді пайдалану оқушыларды сәйкес сөздікті немесе анықтамалықты іздеуден құтқарады, бұл уақытты көп ұтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен – күнге өзекті болып келеді. Тілді компьютерлік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Жайырова Нұрила, Қасымова Жанель Тұран университеті, 2 курс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз