Алматы ақшамы– күнделікті ресми қалалық газет.Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихатының ресми басылымы. 1990 жылдың 17-ақпаннан бастап дербес газет болып шыға бастады. Газеттің алғашқы бас редакторы — И. Бейсебаев болды. Алғашқыда 40 мың данамен тек Алматыда, 1982 жылдан кейін Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл облыстарына тарады. Қазір республиканың барлық облысына тарайды. Газеттің қазіргі бас редакторы Қали Сәрсенбай .
Бас редакторының орынбасары Әнуарбек Әуелбек және Құттыбек Аймахан.Жауапты хатшысы Бақыт Ойса.
Газет қалалық әкімдік пен мәслихаттың жұмысын, қала әкімшілігінің, қоғамдық және мәдени ұйымдардың, нарықтық экономика проблемалары, халықты жұмыспен қамту, әлеумет, құқық, әдебиет-өнер, және қоғамдық тақырыптар және т.б. материалдар жариялайды.Газетте Шаһар шаруашылығы ,Ақшам арқылы айтамыз,Әлеумет,Руханият,Спорт айдарлары бар. «Шаһар шаруашылығы» айдарында Алматы қаласының әлеуметтік жағдайын сипаттайды. Баға қымбаттауы,қоғамдық көлік қозғалысы. Қоғамға қажетті барлық мәліметтерді, қажеттіліктерді осы айдардан оқыса болады. «Ақшам арқылы айтамыз» айдарында қаланың экологиясына кең тоқталады. Қала тазалығына мән береді.
«Әлеумет» айдарына келсек.Қала қауіпсіздігіне және денсаулыққа аса мән берілген.
Көзіме ерекше түскен жүрегіме жақын айдар «Руханият» айдары.Бұл айдарда қала мәдениет тынысын сипаттайды.Қалада қандай мәдени іс-шаралар болып жатқанын тұрғындарға сілтеме көрсетеді.Мәдениеттің, театрдің жан-дүниесін ақтарады.
Мың жасаған шаһардың шамшырағы болған «Спорт» айдарында.Аламанда көк туымызды желбіретіп жүрген спорт саңғылақтарының көкей қосты сұхбаттары жарияланады.
Бұл газет қалаға берері мол.Журналисттер қаланың кем-кемшілігін көрсетіп айтпаса, сын түзелмей, мын түзелмейді дегендей қала жақсы жағына өзгермеспе еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі