Жас алаш газетінен бастау алған, елдің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген "Ұлан" газетінің балаларға қызмет етіп келе жатқанына бүгінде 90 жылдан астам уақыт болды.
1930 жылы 5 қарашада Алматы қаласында "Пионер" деген атаумен газеттің алғашқы саны жарық көрді. Сол жылдардан бастап газетке Ә.Исмайылов, Ә.Ыдырысов, С.Бердіқұлов, Ф.Оңғарсынова, У.Қалижан, Б.Қойшыбаев, Ғ.Доскен, Б.Сүлейменов, С.Қалиұлы сияқты қазақтың қабырғалы қаламгерлері редакторлық етті. Газеттің бүнгігі күнге дейін өз мән мағынасын жоғалтпай келуінде осы тұлғалардың ерең еңбегі мен ұшқыр ойларының арқасы деп білеміз.
1937 жылдың наурыз айынан газет «Октябрь балалары» деген атаумен шыға бастады. Кейін 1946 жылы 9 мамырда «Қазақстан пионері» деген атауға өзгертілсе, 1990 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінің атауы «Ұлан» болып қабылданып қазірде осы атаумен балаларға жол тартып жүр. «Ұлан» – балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газеті атауы елдегі өзгерістерге сай өзгеріп отырсада ешқашан өз мақсаттарын ұмытқан емес. Әрқашан баларды өздерінің қызық айдарларымен таңғалдырып келеді. Газеттің алғашқы беті Алақай айдарымен басталып онда жас жеткіншектердің жетістіктері жарияланып отырады. Бұл арқылы балалар өзгеге қарап үлгі алып, жетістікке ұмытыла түспек. Келесі айдар "Білім елінде" деп аталып, оқырмандардың білімін арттыратын сапалы мақалалар жарияланып келеді. Сонымен қатар "Білім және әлем","It және инновация", "Сырсандық", "Күншуақ" сынды заман талабына сай айдарларымен жастардың жүргін жаулап келеді.
Қазіргі уақытта "Ұлан" газетінің жеткен жетістіктері де аз емес. 1980 жылы 14 наурызда шыға бастағанына 50 жыл толуына орай және жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі ескеріліп, «Қазақстан пионері» газеті «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар «Ұлан» газеті 2002 жылы Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын «Балалар басылымы» номинациясы бойынша иеленді. Бұл газеттің балалар өміріне берген білімінің арқасында деп білеміз. Ұлан газеті балаларға ақпарат беріп қана қоймай, жас журналистердің өз мамандықтарына деген махаббатын оятар орынға айналып отыр. Оқушы кезінен мақала жазуға машықтанған балаларға "жас тілші" куәлігі беріліп журналистикаға деген алғашқы қадамды Ұлан газетінен алады.
Қазіргі бас редакторы – Жадыра Нармаханова арқасында "Ұлан" газетінің бүгінде өз жұмысын, балаларға берер тәрбиесін жалғастырып келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі