XX ғасырдың орта шенінен бастап, күні бүгінге дейін еліміздің мәдениеті мен тұрмыс саласын көтеруге өзіндік үлесін қосып келе жатқан, қазақ баспасөз тарихында алар орны ерекше басылымдардың бірі Мәдениет және тұрмыс журналы (қазіргі атауы “Парасат” журналы).
Қоғамдық саяси және әдебиет журналының тарихы 1958 жылдың шілде айынан бастау алады. Басылымның алғашқы саны тың игеру науқаны жүргізілген жылдары, халықтың тұрмыс-тіршілігі алға ілгеріле шыққан мәселелердің бірі болған тұста жарық көрген.
“Мәдениет және тұрмыс журналының жарыққа шығуы мәдени, көркем өнер, әдебиет майданындағы, тұрмыстағы елеулі жарқын өнегелі жайларды кеңінен көрсетіп, бұқарамен бөлісіп отырады. Әрине, мәдениет пен тұрмыста кездесетін кемшілікті, көлеңкелі жайларды елеусіз қалдырмай, алға басуға кедергі болатын көріністерге өткір қаламының күшімен қарсы шығып, халыққа демеу болуы керек, "- деп аға газеттер оқырман өміріне енді ғана аяқ басып келе жатқан журналдың басылым ретінде көтерер жүгі ауыр екендігін, осы артылған халық алдындағы үлкен жауапкешілікті абыроймен ақтауына сенім білдіріп, өз жылы лебіздерін, ағалық ақылдарын жаудырды. Журналдың алғашқы редакторы М. Дінішев болды.
Журнал “Мәдениет және тұрмыс” деген атаумен шығып тұрған тұстағы материалдары жалпы мәдениет, өнер және әдебиет саласын халықтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты кеңестер, сауалдар мен тың ақпараттарды қамтыған. Ал журналдың қазіргі шығып жатқан нөмірлерінде қандай материалдар, айдарлар жарияданады деген сұраққа бірнеше санын талдау арқылы жауап беріп көрелік.
“Парасат” журналының 2008 жылы желтоқсанда жарық көрген нөмірінің айдарлары сан түрлі. Соның ішінде мен қызығып оқыған айдарлардың бірі -“Жаратылыс” айдары , себебі бұл айдарда табиғат жаратылысын адам көзімен, не болмаса сол жаратылыстың өзін өзі көркемдеп сипаттап беруімен жазылғандай. Қарапайым әр ұлт өкілдері мен шетелдегі өз азаматтарымыздың, оқырмандарымыздың ұсыныстарын, жылы лебіздерін, сауалдарын қамтитын айдарлар да кездеседі. Журнал көлемді, саны жағынан да мол. Алғашқы беттерінде басылымның ішіндегі материалдардың тақырыбы әрі қай бетте орналасқандығы жазылған.
2010 жылы қазан айында жарияланған 10-нөмірінде, жаңа айдарлар жаңартылғанын байқадым. Жаңа үлгідегі айдарлардың бірі "МӘЗІР" атты айдары қосылған, айдарда түрлі тағамдардың жасалу жолдары көрсетілген. Айта кететін жайт, алдыңғы нөміріне қарағанда жарияланған материалдар көлемді, саны жағынан да мол екен.
2011 жылы шілдеде жарық көрген 7 нөмірі алдыңғы нөмерлерге қарағанда көлемі аздау болып келеді. Тұрақты айдарлармен қоса жаңа "Жас қалам* және" Жаңа дәрілер" атты екі айдардың материалдары баурап алды." Жас қалам" айдары бізді бойында ақындық, жазушылық дарыны бар жас оқырмандардың туындыларымен таныстырды.
Өзіме ұнамды және қызықты болған" Өнер әлемінде" айдары, бұл бетте дүниежүзі елдеріндегі өнер саласында болып жатқан тың деректермен бөліседі, ал, "дәрігерлік кеңес" айдары аса пайдалы қоспалар, витаминдер, білуге тиіс дәрі- дәрмектердің құрамы, жалпылама медицина саласы бойынша халыққа қажет мәліметтермен таныстырады.
“Парасат” журналының 2014 жылғы тамыз айынының 8- нөміріндегі жарияланған материалдар көлемді түрде басылған, әсіресе, осы нөмірінде "Поэзия" , "Проза" айдарларындағы материалдарға аса ден қойғандығы байқалады. Бұрынғы айдарларынан екі үш айдар ғана кезікті, қалған материалдар жаңа айдарлармен жарыққа шыққан. Олар “Тарих”, “Денсаулық”, “Сөз сыры”, “Қазақ туралы ой” және “Жегі”. Айта кететін жайт, бұл нөмірде журнал ерекше стильде безендірілген және суреттер өте көп кездеседі.
“Парасат” журналының 2015, 2016, 2017 жылдары жарық көрген нөмірлерінде алдыңығы жылғы нөмір сынды басылған, безендірілуі ерекше, суреттер көп кездеседі, айдарлары сақталған және журнал соңында әзіл-сықақ әңгімелер жарық көріп тұрған. Жаңа айдарларға “Білгенге маржан”, “Қазақ тарихы”, “Дәстүр”, “Қисса”, “Аударма” атты жаңа айдарлармен толықтырылған. Материалдары сапалы әрі танымды деректерге толы.
2015-2017 жылдар аралығында журналдың редакторы Cерік Әбікенұлы болған уақытта журналда әдебиет саласына көп көңіл бөлінгені байқалады. Яғни түрлі прозалар, поэзиялар, аудармалар, қисса дастандар, әңгімелер көптеп жарияланып тұрған әрі журналдың бас беті редактордың материалымен басталған.
“Парасат” журналының 2019 жылы ақпан айындағы нөмірі жаңа редактордың басшылығымен шыққандықтан, ішіндегі айдарлары өзгерген. “Театр”, “Актер – азаматтық келбет”, “Өнердің аз адамы” сынды жаңа айдарлармен толықтырылды. Осы айдарлардан байқағанымыздай бұл журналдың осы нөмірі өнер саласына, әсіресе соның ішінде театр өнеріне басымдылық беретінін аңғаруға болады.
Журналдың 2020 жылғы шілдедегі нөмірінде жарияланған материалдардың тақырыбы алдыңғы тақырыптардан өзгеше болды, яғни бұл нөмірде “Проза”, “Поэзия” сынды айдарларда шығып тұрған көркем әдебиет туындылары болған жоқ, есесіне “Көкейкесті”, “Білім”, “Оқырман ойы”, “Өттің дүние” атты айдарларға сай материалдар басылып тұрды.
“Парасат” журналының қазіргі, 2021 жылғы наурыз айында басылған нөмерінде жарияланған материалдар, бүгінгі қоғамның көкейкесті мәселелері жайында қалам тартқанын байқадым, бұрынғыша проза, поэзия сынды әдеби көркем туындылардың саны аз, қызықты, танымды материалдарды бұл нөмірден онша кездестіре алмады. Әрине басылған мақалалар, сұхбат, шығармалар сапалы әрі мәнді, алайда бұрынғы нөміріндегі материалдарды ынта, ықыласпен оқығандай бұл нөмірді солай аса қызығушылықпен оқи алмадым.
Жалпы “Парасат” журналының 2018 жылдан кейінгі шыққан сандарында басылымның негізгі бағытынан ауытқушылық бар секілді. Біз байқағанымыздай әдеби сарын аз, яғни бұрынғыша рубайлалар, қиссалар, көркем туындылар кездеспейді, көбіне жаңалықтарға, білім саласына, елімізде болып жатқан көкейкесті мәселелерге басымдылық берілген. Әдебиет және мәдениет тақырыбын қамтығанның өзінде тек бір ғана саласымен шектелген. Ал журналдың оған дейінгі нөмірлерінде жалпы барлық тақырыптар бірдей көлемде қамтылған еді. Журналдың қазіргі көлемі 24-26 бет арасын қамтиды, 2008 жылға дейінгі нөмірлері 36 бетпен жарық көрген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі