Атымды Абай қойған соң,
Қайтіп надан болайын?...Хәкім Абай
Абай менің өмірімді өзгертті. Мен қазақтан ұлы ұлт жоқ деп ойлаушы едім, бірақ оның қарасөздерін оқи отыра, ол ойым түбегейлі өзгерді. Қазақ елі соңғы көштің бірінде келе жатқан, дамымаған ел деп ойлаушы едім, бірақ бұл ойым мүлде дұрыс емес екен. Абай шығармаларымен сусындау арқылы, менің көкіреккөзім ашылып, өмірге жаңа көзқараспен қарай бастадым.
Абай – ойшыл, философ, аудармашы, ақын, жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы-ұстаз. Қазақ әдебиетіне сыншыл реализм бағытын алып келген дара тұлға.
Шығармаларының әрбірі бөлек бір мағынаға ие хәкім Абайдың қазақ үшін алар орыны ерекше болар деп есептеймін. Жастайынан өнер мен білімге құмартып өскен, дара Абай өскелең ұрпаққа үлкен өнеге. Ауыл молдасынан сауат ашқан ойшыл әрқашан өз қатарластарынан ерекшеленіп тұратын еді. Зерек, ойы ұшқыр Абайдың адам болып қалыптасуында әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тигізген әсері мол. Бала кезінен әжесінің жанында жатып, қазақтың түрлі ертегілерін, аңыз әңгімелерін тыңдап өседі. «Тең теңімен, тезек қабымен» дегендей, анасы Ұлжан да жазу-сызуды білетін, көреген адам еді. Анасы білген жыр-ертегілерін айтып, Абайға оң әсерін тигізеді.
Әкесі Құнанбай баласының бойындағы ерекшелікті бірден байқаған еді. Сол себепті Абайды 10 жасқа толған кезінде Семей қаласына оқуға аттандырады. 3 жыл «Приходская школада», 3 ай «Ахмет Риза медресесінде» білім алады. Мектепте оқи жүре, Семей қаласының кітапханасыннан түрлі кітаптар алып, өрісін кеңейтеді. Бірақ 13 жасқа толғанда, қажы Құнанбай баласын ауылға алдыртады. Ондағы бар ойы Абайды билікке араластырып, өзінің артынан ергізу. Әкесінің жжанында жүрген Абай халқының отаршыл Ресейдің кесірінен қалай қианлғанына куә болып өседі. Солардың бірі Қодар мен келіні Қомқаның өздеріне тағылған жаланың кесірінен жазықсыздан жазықсыз, қиналып өмірден өткенін көргеннен кейін, қатты ауырып қалады. Бала Абайдың псхологиясына үлкен соққы болып тиген бұл жағдай, ақынның есінен мәңгіге сақталады.
Өсе келе Абай ел арасындағы дау-дамайды шеше алатын төбе би лауазымына да жетеді. Бірақ сол уақытқа дейінгі аралықта Абай ғашық болады. Есі кетіп, шын махаббат едегеннің не екенін енді түсінгенімен, сүйіктісімен бірге болу бақыты бұйырмайды. «Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілі» деп ерекше бейнеде суреттелетін, Абайдың ең алғашқы сүйіктісі – Сүйіндіктің қызы Тоғжан еді. Абайдың ғашығына қол жеткізе алмау себебі, Тоғжан атастырылып қойған еді. Бір жағынан Тоғжанның әкесі мен Құнанабай қажы арасындағы шиленіс жағдай да бар етін. Осы бір жағдайлардың әсерінінен, Абай Тоғжанға қосыла алмай, ерте айырылысады.
Отыз жастан асқан шағында, Абай сүйіп қосылған екінші әйелі – Әйкерімді кездестіреді. Абайдың Әйкерімге ғашық болу себебі, бір жағынан сұлулығы болса, бір жағынан қосыла алмай кеткен ғашығы Тоғжанды еске салатын еді.
Ойшыл өскелең ұрпаққа түрлі шығармаларын мұра етіп қалдырып кетті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» секілді поэмалары мен түрлі өлеңдері бар. Әрбір шығармасы ерекше бір мағына мен мәнге ие. Мысалы, Ескендір поэмасы. Бұл поэмада әлемді қылышынының ұшымен ойнатқан, талай елдің қанын судай ағызған Алекандр Македонский жайлы айтылады. Өмірде жеңіліп көрмеген, ешкім бетін қайтармаған Ескендірдің бетін, ғажайып бағы бар есік қайтарады. Есігін ашпай,сыйлық сұрағанда, сыйлық ретінде адамдың басының қаңқасын береді. Оқиғаны мәні осы қаңқаны бергеннен басталып, Аристотельдің бұл қаңқаны бергеніндегі мәнін түсіндіруімен аяқталады. Әрбір поэманың оқырманға берер әсері бөлек әңгіме. Себебі Абай өзінің бай қорлы сөзімен оқырманды баурап, бөлек әлемге апарғандай күй кештіреді.
Абай атамыздан түрлі тақырыптағы өлеңдері қалған. Әрбір өлеңі әртүрлі тақырыптағы жағдаяттарды сипаттайды. «Ғылым таппай мақтанба», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», Сегіз аяқ» секілді түрлі өлеңдері бар.
...Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол –ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі – надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы...
Бөл өлең жолдары ақынның «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» еңбегінен үзінді. Ақын бұл шығармасында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап етіп, «бөтен сөзбен былғамауын» талап етеді.
Әрбір қазақ үшін Абай теңсессіз құбылыс болуы қажет. Мен үшін де дәл солай. Себебі, біріншіден, ол бала кезінен білімге құштар болып өсті. 10 жасқа толғанда-ақ басқа қаладағы медресеге оқуға барып, тек білім алып қана қоймай, кітапханалардағы кітаптарды тауысуға шақ қалған-ды. Екіншіден, жастайынан ел басқару ісіне, билікке араласты. Әкесі Құнанбай 13 жасқа толғанда, оны оқудан алып кетіп, ел басқару жұмысына салады. Алғашында «барып кел, шауып кел» болаып жүрген Абай, уақыт өте келе, үлкен би, ел арасындағы тартысты жеңе алатын жан болып шыға келеді. Үшіншіден, Абай сол кезде қоғамда болып жатқан жағдайларға өте қатты қызықты. Өмір, қоршаған дүние, табиғат туралы көп ойланды. Сол туралы зерттеп, түбіне жетуге тырысты.
Хәкім Абайды зертеген жандар көп. Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді зиялыларымыз Абай туралы мақалалар жазып, шығармашылық мұрасын зерттеуге тырысты. Одан кейін де Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров секілді зиялыларымыз Абай мұрасын зерттеп, түрлі шығармалары мен мақалаларын арнады. Осы бір жандардың ішінде Мұхтар Әуезовтың алар орны ерекше. Себебі ол өзінің 4 томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын арнап, Абайды әлемге танытқан жан. Кең әрі ауқымды сөздік қорының арқасында, бұл роман-эпопея оқырман жүрегіне жол тартты. Қазақты танытқан Абай болса, Абайды танытқан Мұхтар Әуезов.
Өз сөзімді Қайсын Кулиевтің сөзімен қорытындыласам. «Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдесіз құбылыс».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі