Өлең, жыр, ақындар

Қорқытық құю

Бүгінде материалдық құндылықтарды ысырап, рухани байлығын биік шыңға қоятын, көптен көз салатын халықтардың бірі - қазақ халқы. Мәдениетін берік сақтап, әдет-ғұрпынан аттап өтпей, наным-сенімдерімен өмір сүріп келе жатқан халқымыздаң расыменде ішкі жан дүниесі бай.

Бұрыңғы сақ дәуірінен келе жатқан, отқа табыну, тасаттық жасау, аластау сияқты наным-сенімдерді бірі шаманизге жатқызса, бірі әлі күнге дейін сол шараларды тұрмысында жиі қолдануда. Сонда бұл жасалатын салттың мәні неде?

Аластау - баланы бесікке бөлерде, не жаңа үйге қоныстағанда, отбасыдағы әже апаларымыз оны міндетті түрде от жағып, аластайды. Яғни жын-шайтандарды қуу мақсатында жасалынады. Шәкәрім атамыз айтқандай "Сенімсіз - иман жоқ" демекші, жынға сенбейтін жандардың өзі бұл нанымнан аттап өтпейтіні анық

Дәл осында қазақ халқының наным-сеніміне кірген бір дәстүр - Қорқытық құю. Бұл, адам шошыңғанда, әлдене бір жәйсіз хабар естіп, ауыр жағдайға душар болып, жүрегі тайғанда жасалынатын ырым. Ең алдымен қорғасынды ыстық жалынның астында ерітіп алады. Адам отырған күйде үстіне ақтық жауып, тостағанда суық суды устап, қызған қорғасынды аңдатпай құяды. Ащы дауыстан ақтық астында отырған адам шошып, тайған жүрегі қайта орнына келеді деп сенеді. Ал кей бір жағдайда, суық суға түскен қорғасын қатты күйде қатып, адам неден шошығанын көрседеді дейді. 

Қазіргі таңда жас буындар бұндай жағдайда көбіне психологтарға жүгінеді. Алайда үлкен буынды аға-апаларымыз өзінен кейінгі жастарға бұл салтты дәріптейтінін айқын. Меніңше қандай да бір психолог мамандарға қарағанда, қиыншылықтармен үлкен буынды әжелерімізбен бөліссек шешімін табатынымызға еш шүбә келтіруге болмайды. Көпті білгеннен емес көргеннен сұра демекші, өзінің өмірлік тәжірибесінен көрген ата-әжелеріміздің сөзі мен салты бізге пайдасын тигізгбесе, зияны жоқ, тіпті бұны шаманизм әдетіне жатқызсада, кешегі түн бүгінгі күнмен жалғасуда.

Куатова Аселя Куанышбековна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз