Өлең, жыр, ақындар

ХХ ғасыр қазіргі заман философиясы

Барша халық, бүкіл әлем көзіне әрқашан елес, сағым секілді көрінбесе, ондай адамда философияға қабілеті жоқ.

Артур Шопингауэр

Философия ХХ ғасырға дейін ақиқатқа талпыныс деп қана түсінілді. Бұл ғасыр, бұл дәуір философияның жаңа қырынан танылған уақыт деуге болады. Сонау Платон мен Аристотельден бастау алған бұл ғылымның қарыштап дамуы дәл осы сәтте басталған еді. Жалпы философия дегеніміз не? Оның мән-мағынасына тоқталып, ақпарат бере кетсек...

Менің ойымша философияны бір ақпаратпен, бір сөйлеммен жеткізіп, толық түсіндіріп беру мүмкін емес. Ол үшін осы күнге дейінгі ғалымдардың философия жайлы айтқан ақпараттары мен ой-түйіндерін ескергеніміз жөн болар. Философия ол моральдық, материалдық өмірді басқару үшін тиімді жағдай жасайтын ақыл, ой. Сол арқылы белгілі бір әрекет жасап, өмірде кездесетін мәселені шешеміз. Философия бізге нені түсіндіреді? Ең әуелі өмір үйлесімділігі мен заңдылығын түсіндіріп, ұғындырады. Тәртіптілікке тәрбиелейді. 

Ал енді ХХ ғасыр философиясының қалыптасуы мен басты мәселелеріне тоқталайық. ХХ ғасыр философия үшін де, тарих үшін де үлкен төңкеріске әкелген дәуір болды. Себебі, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс тарихқа ғана емес, философияға да өз әсерін тигізді. Адамдардың болашаққа сенімсіздігін тудырды. Қоғам дамыған сайын ададмар арасында қарама-қайшылықтар, күрестер, бәсекелестік те арта түсті. Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамдардың жаттану мен өгейсінуіне әкеліп соқты. Себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелрі туралы бас ауыртып қарамады. Алайда, ХХ ғасыр философиясының өзіндік артықшылықтары да болды. Мысалы, бұрынғы философия адамдардың кейбір сұрақтарына жауап бере алмады. Ғылымның да, философияның да біте қайнаған заманында ададмар өз сұрақтарына толыққанды жауап ала бастады. 

Қорыта айтсақ, ХХ ғасыр философиясы философияның нағыз қарыштап дамыған шағы. Философияның шыңы болмаса да, айнасы болған кезең десек қателеспейміз. Оның өзі сияқты сан қырлы, бір-біріне қарама-қарсы бағыттарға толы болды. Қызығы мен қиындығы, жетістіктері мен кем тұстары қатар жүрді. ХХ  ғасыр философиясы – бүкіл адамзаттың сан мыңдаған сұрақтарына жауап берді. 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті магистранты Әбдірахман Нұрай Аюбқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Жанатаев Данат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер