Кем еді қазағымның тілі кімнен?
Ұрпақ азса көреміз мұны кімнен?
Дәстүрін, Тілін, Дінін танымаған,
Кімге керек тілсіз -тірлік, тірі мүрдең!?
Мен қытайдан келген қазақпын.Кезінде тағдырдың тәлкегімен ел ауып, бөтен елде, бөтен жерде жүрсекте, (бөтен ел емес, шындығында біздің жер ғой, бірақ бәз біреулердің қолына сиға бере салғаны болмаса) кішкентайымыздан ана тілімізді құрметтеп өстім, қытайда туылдым.Төтеше жазумен білім алдым.
Бірақ«Қасқырды қанша баптасаңда, орманға қарап ұлығанын қоймайды»дегендей, жан бағып, өмір сүріп отырсақ да, анау алыста “ҚАЗАҚСТАН”деген алып мемлекетіміздің барын, ата-бабамыздан қалған кең байтақ жерімізбің барын, ата-анамыз жастайымыздан миымызға құйып, санамызға сіңіріп қойғандықтан, сағынып өстім.
Картаға қарап еліміздің территориясын сипалай беруші едім.Ертерек ержетіп сол өзіміздің елімізге қарай құстай ұшуды көзалдыма елестетіп, армандаумен жүретін едім.
Шүкір!
Ержетіп, ер азамат болып, қолыма құжатымды алып, кешегі сол арманымның жетегінде, білімімді толықтыруға, рухани дамыған ежелгі бабаларымыздың көзіндей, өзігдей болған Түркістандағы қожа-ахмет яссауи университетінің журналис мамандығына оқуға түсуді бұйыртты.
Аллаға мың шүкір етемін сол үшін...
Айтайын дегенім:«Сағынып жеткен елімде, өз ана тілімде еркін сөйлейтін болдым -ау!Өзгенің қабағына қарап, шатпақ тілін тілімді бұрап сөйлемейтін болдым-ау!»десем…Мұнда өз ана тілін білмейтіндер мен менсінбейтіндер көп екен.
Айтар болсам: Шымкент, Алматы, Астана, Көкшетау, өзім тұратын шығыс қазақстандықтардың да басым мөлшерінде тұрғындарының ауыз екі сөйлеу тілдері орыс тілі екен.
Төте жазумен оқып келсем де, тілімді сындырып.Ахмет Байтұрсынұлы көкеміздің орыс графикасы негізінде жасап кеткен Алфавитын зорға меңгеріп, бүгінде оқып, жазудан құр қалып жүргенім жоқ.
Бірақ, құжаттар дайындауда іс-қағаздар тілі, жол жүргенде жолаушылар тілі, бір жерге қонақтағанда қонақ үй тілі, дәм татар болсаң асхана тілі, белет алар болсаң касса тілі, тіпті үлкен қалалардағы азық-түлік алатын дүкендер тілі де орысша екен.
Мұны қалай түсінуге болады?
Кезінде үлкендердің әңгімесінен«өз ұлтының тілін құрметтей алмаған адам, өзге ұлттың тілін қалай құрметтесін? Әр бір адам анасынан туғанда “ана” деп “әке” деп шыққан тілін қадірлеуді, тек өз ана тілінің алдында бас юуі керек»дегенді көп еститінмін.
«Әр бір адам өз ұлтының тілін құрметтеуі керек, оны құрметтей алмаған адам, сатқынмен тең» деуші еді бізге, сондықтан кішкентайымыздан “сатқын” болмауға, “сатқындық” жасамауға тырысып өстік біздер. Сол үшін ата-анама рақмет айтамын...
Әрине!...
Осы бір сөз төркінінің астарында, қандай мән-мағына жатқанын, ойлап көретін болсақ, біздегі құрметсіздердің қандай күйде жүргендері көз алдымызға келеді.
Біз қазақ халқы ежелден, тілімізді, дінімізді, тағынан құлатпай келген ұлт едік. Бірақ кейбір, надандар дейміз бе? Жоқ әлде жалған ұлт жанашыры болып жүрген жалта қойлар дейміз бе? Иә солардың пайда болғанынан бері, тіліміздің де, дініміздің де мәртебесі төмендеп барады.
Тарихқа үңілер болсақ:
Алаш партиясының тұсында (1913-1920жж) ұлт үшін жанын өлім аузына апарған, дүлдүлдеріміздің қазақ тілі үшін, күрес жүргізіп, алғаш қазақ баспа гәзетін шығарып, алғы бетіне : “Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп, гәзетіміздің есімін ”Қазақ гәзеті“деп қойдық.Ұлт үшін деген күштің ұлаюына үлес қосып, көмектесе қызмет ету, әр Қазақ баласына міндет, қызмет етем десеңдер, азаматтық зор жолының бірі осы”】деп жариялаған.
Бұл Сол арыстардың ұрпаққа қалдырған өсиет сөзі, ұлт үшін күрестің ұлаюын қанша ма армандап кетті?…
Ал бүгінге оралақ, кешегі ұлылардың орындалмай кеткен ұлы армандарын, жерге көміп тастадық. Иә, көмгенді былай тұрсын өлтіріп қойдық.
Біз бүгін ұлт үшін емес, құлқын үшін күрес жасаудамыз, әр адам өз жеке басының қамын ойлаумен әлек.
Бір ұлтқа тірек болар, құламас мұнарасы болар ағаларымыз, бұл күні өзгелердің табанын жалау да.(Өзге тілде сөйлегендерді солай айтсақ болар)
Тіл ұлттың келешегі, тіл ұлттың қазынасы, тіл ұлттың алтын діңгегі деп жоғары да орыс ша сарнайды -ау кеп мыс, кейбір көкелеріміз. Сонда орыс тілі біздің келешегіміз болғаны ма?
Біз қай елде жасап жатырмыз өзі?Шынымды айтсам түс көріп жүргендеймін.(түсің де қай-қайдағыны көресің ғой)
Менің бір таңғаларым, әр елдің астанасын да тұратын адамдар, сол елдің, сол ұлттың тілімен ғана тұнық сөйлеуші еді.
Ал бізде неге керісін ше?
Мен қазақ еліне келгеннен бері “астанамызға”келудің
сәті бүгінге түсіп тұр екен.
(Дәл қазір астанадамын)
Ахиқаттың көміліп жатпасы анық ғой, бұл қала да тұратын адамдардың негізінен 90%ы, орыс ша сөйлейді десем өтірік болмас.
Бұл жерде орыс ша білмесең жан бағуың қиындау екенін байқап қалдым.
Азаннан бері қазақтардың бір-бірімен орысша сөйлесіп жүргенін көрдім. Вагзалдағы қызыметкерлердің басым мөлшері орыс тілді қазақтар екен.
Межелі уақытымнан шамалы ерте жеткендіктен касса залына барып отыра тұрайын деп, вагзалға кірейін деп едім, мұндағылар бірінші орыс тілінде салемдеседі ау келіп, мен қазақша сөйлеңіз дегеннен кейін барып, қиналып тұрып сөйлемесі барма, мұндағылардың бәрі солайма?жоқ әлде маған кезіккендер ғана орыс тілінде сөйлейтіндер ма?
Астана қаласы 1999-жылы бейбітшілік қаласы, болашақ қаласы деп жарияланды емес пе?Сонда болашақ қала деп аталуы орыстар үшін бе?
Мысалы:
Біз қытаиды алып қарайық, қытаидың астанасы пекин (北京), ол қалада қытаи тілін білмесең жан бағуың қиын. Пекин де мұсылман асханасын табудың өзі оңайға соқпайды.
Және тіптен аз ұлттарды (Қазақ, Ұйғыр, ТБ..) көп кездестірмейміз.
Ал біздің астана, неге солардай тек ғана қазақ тілінде сөйлеуді дамытпайды?
Осы қалпында қала бермек ойлары бар ма?
Бұл қазақ елі қай ұлттың тұрағы?
Орыстардың ба?
Жоқ!
Бұл тек ғана біздің мемлекетіміз, сондықтан қазақ тілінде сөйлеуді қолға алуымыз керек!...
〖Балық басынан шіриді〗дейді.Жоғарыдағы ағалар іріп-шіруді доғаратын кездеріңіз келді-ау шамасы.
Бір ұлтты тәрих сахнасынан жою үшін, алдымен оның тіліне балта шабары анық, бізге қазір балта емес, тіліміздің жүрегіне қанжар қадалуда.
«Қазақ тілі - үш тұғырлы тілдің, қазақ ұлты - қазақстандық ұлттың құрбанына айнала ма?..»
Деп : Мұхтар Шаханов атамыз да көп зарлаған еді.
Оны естір құлақ, түсінер жүрек, көретін көз болмады.
Судай тұнық Ана-тілді тат алды,
Өзге тілдер туын көкке ұшырып.
Орыс, Қытай, Ағылшын тұр қатарда,
Ана-тілдің дәрежесін түсіріп.
Тепкі көріп өз ұлтынан намыссыз,
Қалып барад, қайран тілім, дана тіл.
Шаппай бәйге алатұғын жарыссыз,
Қайран менің! қайран біздің Ана-тіл!
Жабы күннің жадымызда сақталып,
Қалғандайын құлдық сана сезімдер.
Өзге емес өз ұлтынан тапталып,
Жүр ана тіл соны біліп, сезіңдер!...
Қазақ деген жылатпаған жетімді,
Жылап өскен ұрпақтарың қайдан жүр!?
Қазақ-тілі өгей бала секілді,
Өз ұлтынан қорланып жүр қайран тіл!...
Соңын да айтарым:Біз қазақ ұлтымыз, бұл қазақтың жері, тіліміз қазақ тілі.
Сондықтан жалпы қазақи өмір сүруіміз керек, өз мемлекетіміз де өз тілімізді аяк асты етіп қойып, қарап тұра беруді доғарайық.
Тек ғана қазақша сөйлеуді жалпыластырайық!
Ал өзгелер түсінбесе үйренсін, оларға түсіндіру үшін біздің сол ұлттың тілін де сөйлеуіміз міндетті емес.
Үйткені шаңырақ біздікі.
Ал оған болмаса кетсін өз жеріне, оларсыз біздің таңымыз атып, кешіміз бата береді.
Біз үйткені тәуелсіз елміз, ешкімге тәуелді емеспіз, тек бір Алладан басқа.
Еліміздің болашағы жастар, сондықтан тәрбиені тал бесіктен беретін халықпыз ғой, сонымен қатар тек ғана қазақ тілінде сөйлеуді, өз еліміз де дағдыландырайық деп жастарға ақыл-кеңестерімізді көп айтайық...
Дана халқымыз:《Бір тіл білген бір адам, екі тіл білген екі адам 》дейді.
Көп тілде білу, сөйлеу ол әр адамның өз ісі, (Жақсы болу борышың, жаман болу өз ісің)дегендей.
Тек өз тіліңді ұмытпа, әсіресе өз отанымыз да өз тіліміз де сөйлейік ағайын!
Кағыбат Бөкенұлы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі