Кімде-кім адамдармен әділетті түрде қарым-қатынас жасайтын болса, басқалар да әділдікті қабылдайтын болады".
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», – дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басын сыйпаттайды. Адалдылық адамзат баласының асыл тәжі. Бүгінгі менің қозғайтын тақырыбым кең көлемді әрі үлкен ізденістікті талап етеді.
Адалдылық сөзіне тоқтала кетсек. Адалдылық деген не өзі? Достыққа адал я болмаса күнделікті істеп жүрген ісіңе адалдылық па? Жоқ жоқ адалдылық мұнымен шектелмейді.
Мен болашақ журналист. Менің басты міндетім мамандығыма деген шын берілгендігім. Ашығында адалдылығым.
Отан алдындағы борыш іспеттес, мамандық алдындағы борышымызды қапы қалдырмауымыз қажет. Адалдылық журналистің іргетасы. Бұл жерде журналистің басты міндеті қоғамның қамын ойлап, әділдіктің жағына шығу. Болашақ журналист ретінде жүрегімде шындықты сақтап, соны ғана жазу керек деп есептеймін. Бұл мамандық алдындағы Антымыз. Кей бір жандардың пікірінше бұл қоғам әділдікті талап етпейді дейді. Санамызға неге? деген сұрақ келеді. Зерттеу жасайық.
Кәзіргі қоғам ұлы сөзде ұят жоқ. Ақшасы бар адам адам, ал ақшасы жоқ адам өкінішке орай.
Біздің қоғамымызда осыншалықты қағида қалыптасуына не түйіткіл болды? Әрине әділетсіздік. Әділетсіздік жайпаған қоғамда адалдылық қайдан болсын. Осы орайда Ұлы Абайдың сөзін әңгімеме тиек етсем.
"Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың". Мен бұл сөзге толықтай келісемін. Адам баласы өзі үшін ғана емес, халық үшін де еңбек қылса нұр үстіне нұр.
Нағыз журналист адалдылық жоқ деген сөзбен күресуі қажет. Әрдайым әділдіктің туын жалау етіп, әділдіктің сөзін сөйлеу. Халықтың қамын ойлаған шынайы журналист халықпен бірге өмір сүріп, халықтың сөзін сөйлейді. Біздің міндеттеріміз тек эфир алдында сөйлеу емес, мұнымен шектелмейді де. Кәзіргі таңда мамандығына Ант беріп кейін орта жолдан тайып кететін жандарды кездестіреміз. Олардың қарасы аз емес. Сөйлеген сөзі мен істеген ісі екі бөлек. Дәл осы жағдайда халықтың сенімі азайады. Үміті өшеді. Бір- біріне күдікпен қарайды. Сол үшін де халықтың реніші қара қазандай. Реніш орынды. Егер де қоғамызды әділділік билегенде халық ойын өзгертпес еді.
Міне журналист осындай дүниелердің ақ қарасын ажыратушы. Шындықты жырлап жазушы. Қара халықтың қара қамын, тұрмысын, тіршілігін,тағдырын баяндап жеткізуші. Жоғары билік өкілдеріне. Журналисттің бұл орайда еңбегі орасан зор. Егерде жұмысына шын берілсе.
Осы орайда мына мақал есіме түсті
Жылуы жоқ жүрек - құр кеуде. Мағынасы тереңде.
Адамда мейірім, жанашырлық,шапағат болмаса жүрегіне қара дақ түседі. Ол деген қатыгездіктің белгісі. Елде болып жатқан қатыгездік, арамдатушылық, жауыздық, парақорлық т. б көрген журналист шындықты жазбай қоймайды. Егер жүрегі әділдік, адалдық деп соқса.
Сөз соңын Журналист қоғаммен бірге тыныстап, қоғаммен бірге өмір сүреді. Әділдік, адалдық туын желбіретеді.
Аружан Молдрасыл. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі