Өлең, жыр, ақындар

Мен таңдаған мамандықтың адам өміріне тигізер пайдасы қандай?

Менің ойымша, әрбір адам өз түйсігіне сеніп, жүрек қалауымен болашақ мамандығын таңдауы керек. Менің де жүрек қалауым журналистика мамандығына келіп тоқталды. Журналистика мамандығы қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандықтың бірі.

Менің мамандығым адам өміріне тигізер пайдасы қаншалықты маңызды? Журналист халыққа жанашыр, халықтың мұңын шаға алатын, халықпен қосыла сол ситуацияда орын алған проблеманы шеше білу. Меніңше, журналист еңбекқор болуымен қатар, жауапкершілігі мол, тек шындықты айтатын, тек әділдікті жақтайтын, ұшқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез келген адаммен сөз табыса алатын қарапайым адам ғана журналист бола алады деп білемін. Дәл осы қасиеттерді өз бойымнан көре тұра, жүрек қалуы мені осы мамандыққа алып келді десем қателеспеймін.

Журналист шығармашылық тұлға – ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сондағана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады.

Жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, теледидар көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен, өзгерістерді біліп, қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін бағанын анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп отыруына қажет.

Жалпы журналистика-халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көңіл-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет.

Касимбек Жанель


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер