Міне, балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірдің жаңа мақсаттарына ұмтылып, қадам басуға аз ғана күндер қалды. Бұл маңызды сәтке мына біз түлектер алтын ұя мектептің табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап-ақ ұмтылып келдік. Осы мақсаттарға жету жолында қолдарымыз ең алғаш кішігірім әліппені ұстатқан ұстаздардан, тәлім тәрбие беріген мұғалімдерден,шығармашылық ізденіске үйреткен тәлімгерлерге мың алғыс айтамыз!
Әне-міне дегенше 11 жылымызда өтіп, ертеңгі болатын «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасына қатысқалы отырған түлектердің бірі мен боламын.
Шыны керек, бұл іштегі сезімді мүлде айтып жеткізе алмаймын. 11 жыл бірге оқыған сыныптастарым, бір партада отырып сыйласа да сырласа да білген, туған бауырымдай болып кеткен достарыма деген сағыныш болатыны, бір үйдің балаларындай болып жүрген сыныбымды көңілім қимайтыны анық.
Менің сыныбым мектебіміздегі ең ерекше сынып деп ауыз толтыра айтып,мақтана айтуыма да өзіндік бір себеп бар дей аламын. Себебі, менің сыныбым шығармашылық сынып деп айтсамда болады. Яғни,журналист, актер/актриса, дизайнер деген сияқты бірнеше мамандықтар қамтыла оқытылатын біздің сыныптың білім алушылары болатын. Сахна төрінен бірінші орын алатын, шығармашылық ізденісте жүретін, мектеп алдындағы ұстаздармен ақылдаса, «Мектебімізге осындай жаңашыл туындыны жарқ етсек, оқушыларды қаншама ұйымға шақырып тренинг мүшелеріне тартсақ, еңбекке баулысақ, театр ашып, көрермендердің ықыласына бөленіп жүретін, ынтасымен қабілеті жоғары оқушыларды өз мектебімізден іздесек», деген жанашыр сыныбым, тәлімгерлермен қосыла талқыланып бір әдемі дүние шығара алғанымыз ең алдымен өзімізді,жоғары да отыратын қонақтарымызды, мұғаліммен,басшыларымызды қуанта алуымыз өзімізді де қуанта білуіміз деп түсіндік.
Ал міне, күні ертең бұл достарыммен де қимастықпен коштасамын. Тек үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Қанаттарымыз талмай,биіктерге шырқайық!
Ұлттық бірыңғай тестілеуде барлық жас түлектерге сәттілік тілеймін! Әр көздеген нәтижелерімізге қол жеткізіп,мақсат-мұрат еткен жоғарғы оқу орындарының алғыр талапкер болуларыңызды тілеймін.Бізге артқан ата-аналарымызбен ұстаздарымыздың үмітін ақтауға тырысу! Сәттілік бізге серік болғай!..
Касимбек Жанель Еркінбекқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі