Өлең, жыр, ақындар

Ұялы телефонға студенттердің қатынасы

Қәзіргі таңда студент жастарымыздың санасын дамыған , нарық билеп алған заманда. Әр бір студент жұрт қатарлы өмір сүріп , қымбат киім киіп, қымбат телефондар ұстағысы келетіні жасырын жайт емес. Ал ұялы телефонсыз дамыған заманның көшінде қалып қойған секілді көз қарас пайда болған. Кез-келген ортада ұялы телефонға термілген студент жастарымызды байқаймыз.

Ауылдан қалаға білім алу үшін келген жастардың ұялы телефонды пайдалы емес зиянына пайдаланып жүргені күн өткен сайын шиеленісіп бара жатқанын байқаймыз. Ұялы телефоннан бас көтермей жүрген адамның сабағы қайдан жақсы болсын. Студенттер жастарымыз ұялы телефонның «құлына»айналғандай. Телефондағы әлеуметтік желілер жастарымыздың мінез құлқына , адамдардың арласуына күнен күнге кері әсерін тигізуде.

Жалындап тұрған жастық дәуренді білім алып емес, бос өткізіп жатқаны сізбенен бізге күнделікті жайт болып дағдыланып кетті. Ал Ел басымыз айтқан «Ел болашағы жастардың қолында»деп дөпбасып айтқан сөзі жастарымызды еш ойландырып жатқан жоқ.

Студент жастарымыздың ұялы телефонды өз керегіне жаратып , сабағына керек ақпараттарды алып орынды пайдаланса нұр ұстіне нұр болары хақ. Қазақ халқындағы ақын , жазушылардың өміріне үңілсек жастық шағын ілім, білімге арнап ұялы

телефонсыз ақ аты әлемге әйгілі болып жүргені . Әр бір керегін пайдалы жағын ала білгенін білуге болады. Әлбетте, бұл заманды жетілдірілген телефонсыз елестету мүмкін емес. Қоғамның қай саласында болмасын, телефон қажет. Жақындарыңмен, достарыңмен хабар алысып, жазысудан бөлек, қоғамдық көлікпен жүру маршрутын табуға, белгілі бір ақпараттарды фотоға түсіріп алуға және т. б. көптеген жағдайларда керек. Телефонның пайдалы жақтарын бәріміз білеміз.

«Ертеңің бүгінен басталады»деген сөзді студент жастарымызға жай сөз емес , көпті көрген көреген даналардың сөзімен тәмәмдаймыз. Қамшының сабындай ақ студенттік кезімізді бос кетірмей білімге арнап ел болашағын бірге ойлайық !

Әл-Фараби атынан Қаз-ұу студенті: Еркін Ылғар

Аға оқытушы: Қаңтарбаева Ж. У


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер