Өлең, жыр, ақындар

Зайырлы мемлекеттегі діни жағдай

Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың үшіншісі – зайырлы қоғам мен жоғары руханият.
Н. Ә. Назарбаев

Мемлекет-қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекеттің басты қазынасы-адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Зайырлы мемлекет болса осы қағидаларды тереңірек қарастырады. Зайырлылық-гуманистік құндылықтар,соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін пайдалану. Әр мемлекет адамзатының дүниетаным еркіндігін сыйлап,қоғамның рухани саласында көп түрлілікті мойындау. Осы орайда зайырлылық пен руханилықты қарастырсақ, зайырлылық-мемлекет басқарудың формасы деп алсақ, ал руханилық-діннің құрамдас бөлігі. Дін-қоғамның ажырамас, қоғам өмірінің ерекше рухани саласы.

Зайырлы мемлекет көріп отырғанымыздай сенім тиымын салмайды. Өзіміз білетіндей Қазақстан Руспубликасы да зайырлы мемлекеттер қатарынан. Қазақстан-көп ұлтты,көп конфессиялы,дінді ұстанушы мемлекет, 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері бар. Тоқсаныншы жылдары 670 бірлестік болса, қазіргі таңдағы діни бірлестіктер 4551-ге жетіп отыр. Елімізде 2021 жылғы статистика бойынша (http://Ranking. kz ) 67,4 % адамдар дінді ұстанушылар. Осы адамдар ішіндегі жіктелушілер болса, 61. 3% сүннет мазхабындағы мұсылмандар, 17,2% православ христиандар, 23,5% католиктер, 15,8% құдайға сенушілер алайда ешқандай дінді ұстанбайды, 23,5% ешқандайдінге сенбейді алайда басқа жандардың сенімін сыйлайды, ал 9,1% атеистер (құдайға, дінге сенбеушілер). Статистикаға мән берсек әртүрлі сенімдер бас қосқан білдей бір мемлекетпіз, оның себебі зайырлы мемлекет болғанымыз, алайда біз зайырлы мемлекет болып қана қоймай бұл жүйені әр дайым қадағалап отыруымыз қажет сол үшінде Қазақстан Республикасы дін саласына арнайы түрде заң жүйесін орнатты.   "Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасы туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 992 Қаулысынан толыққанды біле аламыз. Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратынын, әр адамның ар-ұждан бостандығы құқығын растайтынын, Қазақстан Республикасы азаматтарының діни нанымына қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабындағы ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.

Қазіргі заманда діни бірлестіктер мен жаңа діни ағымдар көбейюде, зайырлы мемлекет болғасын біз адамдар сеніміне шектеу қоя алмаймыз,алайда діни бірлестіктер сенімдерінің қандай жүйеде екеін қадағалап, қарап отыру осы заңнамалармен реттеліп отырады. Өзіміз көріп жүргендей діни білімділік аз болғаннан кейін,көп жастарымыз бен қоғам мүшелері еріксіз жат ағым, дәстүрлі емес діни ұйымдардың арбауына түсіп, адасып жатыр. Сондай істерге жол бермеу үшін заң тұрғысынан толыққанды жұмыс жасалып жатыр. Заң органдары мен діни сауаты жоғары білікті мамандар арқасы. Зайырлылық дегенге қадағалаусыз жіберу ол мемлкететтік іске жатпайды. Мемлекеттің атқаратын жұмыс алдымен ел,қоғам тыныштығы сосын заң аясында жұмыс атқара білу.

Қортындылайтын болсақ, мемлекет қандай басқару жүйесін ұстанса да, мемлекетті құраушы әр жанның сенімі,мәдениеті мен болмыстық құндылықтарын әлеуметтік қоғамда жүйелілігін негізде ұстап отыру қажет,  сол кезде еліміз аман,жұртымыз тыныш болатынына сенім мол.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Дінтану мамандығының 3-ші курс  
студенті Мұратбек Данияр
Жетекші: аға оқытуш, PhD Мұқан Нұрзат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз