Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады.
Н. Михайловский
Адам өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі-мамандық таңдау. «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауынша таңдап ал» дегендей, айналамызда қаншама мамандықтар бар. Осы жолда адам баласа өзінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне мән береді. Менің ойымша, әрбір адам мамандықты жүрек қалауына сүйеніп, таңдау қажет. Сонда ғана үлкен маман иесі бола аламыз.
Журналистика - ол төртінші билік және халық пен қоғамды байланыстырушы үлкен сала. Бірақ маған бұл мамандықтың атағы емес, атқаратын қызметі, атмосферасы ұнайды. Журналист шындықты қозғай алатын, өткір маман иесі.
Менің таңдаған мамандығым-бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның, жеткен жетістіктерімнің нәтижесі. Ол-журналист болу. Қарапайым журналист емес, жаһандық аренадағы журналист болу. Бала күнімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсіріп, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап…» деп талмай еңбектеніп, қажырлы жұмыс жасап, бойымдағы шығармашылық қабілеттерімді дамытып жатырмын. Бұл мамандық әдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Әрдайым газет-журналдарды оқи отырып, әр тақырыптағы мәселелерді зерделеп, ой елегінен өткізіп отырамын. Іздене отырып, менің де журналистикаға деген құлшынысым арта түседі. Өзімді шыңдау үшін әртүрлі сайыстарға қатысып өзімді сынап келемін. Есейе келе, бұл арман –алға қойған мақсатыма айналды.
Менің осындай қызығы мен шыжығы қатар жүретін, тағылымды да талабы жоғары мамандыққа таңдауымның түсуі қызығушылықтан ғана емес, қоғаммен байланыс жасау да себеп болды. Кейде айналаңда болған жағдайаттарды көзбен көріп, құлақпен есту аздық етеді. Мен сондай жайттарды хабарлап, халық пен шындық арасындағы аспалы көпір болғым келеді. Мысалы, қазір біздің қоғам пандемиямен арпалысып жатыр. Халықтың мұң-мұқтажы күннен күнге артып барады. Мыңдаған дәрігерлер жүз мыңдаған адамға көмектерін беруде. Бір жағында көптеген жаңа кәсіпорындар ашып, халықтың жұммыссыздың мәселесін шешуге атсалысып жатыр. Осындай қиын-қыстау сәтте небір пысықайлар бас пайдасын ойлап, мемлекет қазынасына қол сұғуда. . .
Абай Құнанбайұлының "пайда ойлама, ар ойла" сөзін басшылыққа алып, елге қызмет етіп, оның түйінді мәселелерін шешуге атсалысу – басты арманым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі