Өлең, жыр, ақындар

Буддизмдегі қасиетті мәтіндер

Буддизм - Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған ілім. Буддизм – Үндіде (б.д.д. V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда(б.д.д. III ғ.кейін), т.б аймақтарға кең тараған. Негізін қалаушысы Солтүстік Үндіде ақсүйек отбасында дүниеге келген Гаутама Будда (Сиддхардха Шакьямуни)(б.д.д563-483 ж.ж).

Буддизм Ислам, Христиан, Индуизм діндерімен бірге әлемдік діндер қатарына жатады. 2010 жылы Encyclopedia Britannica ақпараты бойынша Буддизм дінінің ұстанушыларының саны 463млн адамды құраған.

Таралу аймағы бойынша ірі болып табылатын діндерге сай бұл дінде де өзінің қасиетті мәтіндері бар. Олардың жалпы атауы – Трипитака.

Трипи́така (санскр. त्रिपिटक, «Үш себет»; пали, Типи́така ; қыт. 三藏, Сань Цзан; жапон. 三藏, Сандзō; кор.삼장; вьет.Tam tạng) б.з.д. VII-Vғ. жасалған буддистердің қасиетті мәтіндерінің жиынтығы.

Буддисттер әлемінде Трипитаканың бірнеше нұсқасы бар, олардың құрамына әртүрлі мәтіндер енеді. Ең танымалы – Теревада дәстүрінің Пали каноны. Трипитака сөзі үш себет деген мағына білдіреді, бұл оның үш бөлімге бөлінгенімен сәйкес келеді: Винайя-питака (пали: Виная-питака), Сутра-питака (пали: Сутта-питака) және Абхидхарма-питака (пали: Абхидхамма-питака). Питака («себет») атауы мәтіндер жазылған пальма жапырақтарының шиыршықтары үш тоқылған себетте сақталуымен түсіндіріледі. Алайда Трипитаканың жазба түріне түсірілгенге дейін пали тілінде «Трипитака» сөзі «жинақ» деген мағынаны білдіруі мүмкін.

Махаяналық Трипитака жинағына Будданың өсиеттері мен философиясымен қоса көптеген үнді философтарының шығармалары қосылған(м: Нагарджуна, Васубандху, Дхармакирти және т.б.)

Бірінші бөлім, Виная Питака («Виная» - буддисттік монастырлық ереже дегенді білдіреді) бөлімінде Сангханың, яғни буддисттік қауымның өмірін реттеуге арналған мәтіндер жазылған. Мұнда монахтардың 227-ден астам мінез-құлық ережелері мен  әйел монахтардың 250 мінез-құлық ережелері, сондай-ақ тұтастай монастырлар қауымдастығында келісімді сақтауға көмектесетін ережелер мен рәсімдер туралы жазылған. Бірінші питака тәртіптік ережелер жиынтығымен шектелмейді, сонымен бірге әр ереженің пайда болу тарихын зерттейді, Будда Гаутаманың өзі үлкен және алуан түрлі рухани қауымдастықта үйлесімділікті сақтау мәселелерін қалай шешкендігі туралы мысалдар келтірілген.

Сутта Питака (Пали басылымы) жеке Будда немесе кейде ең жақын шәкірттерімен айтылған 10 000-нан астам сутрадан тұрады. Осы бөлімге онымен қоса «джатаки» кіреді, яғни Будданың өмірбаянын пайымдайтын жазбалар.

Үшінші бөлім - Абхидхамма Питака - Будда ілімдерін жүйелендіретін және Дхамманың негізгі доктриналық ұстанымдарына терең, дерлік ғылыми, талдау ұсынатын философиялық трактаттар жинағы. Егер Трипитакидің алғашқы екі бөлімі діни өмірдің шыңына қол жеткізу туралы практикалық доктринаны ұсынса, онда үшінші себет ілім негіздерін теориялық дамытуға арналған. Абхидхамма-питака құрамына кіретін көптеген мәтіндердің авторлығы тікелей Будда Шакьямуниға тиесілі, бірақ көптеген будда ілімін зерттеушілер бұл мәтіндердің кейінірек, Ашоки патшаның(б.з.д. 273-232) кезінде жазылған деп есептейді.

Ұзақ уақыт бойы Трипитака үнділік қасиетті мәтіндерді жаттау дәстүріне сәйкес ауызша түрде жеткізілді. Біздің дәуірімізге дейінгі 80-жылдарда, мәтіндердің жоғалу қаупіне байланысты Трипитака алғаш рет пальма жапырақтарында Шри-Ланкадағы Теравада монахтарымен жазылды.

Пали Трипитакидің (Типитаки) бастапқы мәтіндері ғасырлар бойы өзгертілгеніне қарамастан, бұл жинақ ерте буддизмді зерттеудің негізгі жазба көзі болып қала береді. Буддизмнің басқа бағыттары айтарлықтай жазба ескерткіштерді қалдырған жоқ. Трипитаки мәтіндерінде біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларындағы Үндістанның мәдени, экономикалық және әлеуметтік өміріне қатысты көптеген мәліметтер бар.

Мына фотода Пали тілінде жазылған Трипитака мәтінінің үзіндісі көрсетілген:

Әртүрлі халықтар Трипитаканы аударып, өз елдерінде біздің кезге дейін сақтап, жеткізген. Солардың біршамасын келтірсем.

Қытайлық Трипитака аударылып, ішінара жаңа дәуірдің алғашқы ғасырларында құрастырылған және Пали Трипитакасы сияқты Махаяналық үнді жазбаларынан бастау алады, бірақта Пали Трипиакасына қарағанда  кейінгі заманғы Үнді қоғамы мен философиясы туралы мол ақпарат береді.

Кореан Трипитакасы. 80 мың тақтаға 50 миллион таңба! Барлық мәтінді басынан аяғына дейін оқып шығу үшін кем дегенде 30 жыл қажет болады. Ағаш тақтаға ойылған әр белгі соншалықты айқын, олардың бәрі бір қолмен және бір деммен жазылған сияқты. Бұл Корея Трипитакасы, Хайн-са ғибадатханасында сақталған, әлемдегі буддизмнің жазба ескерткіштерінің ең жақсы жинағы. Трипитаканы кәріс тіліне толықтай аудару үшін 37 жыл қажет болды. ЮНЕСКО-ның халықаралық ұйымы тақтаға салынған Буддистер мәтіндерін әлемдік мәдени мұраның бөлігі ретінде таныды. Құрамында 52 382 960 иероглиф және 65568 том бар. Әр ағаш тақтайшаның ені 70 сантиметр, ұзындығы 24 сантиметр, қалыңдығы 2,6-дан 4 сантиметрге дейін. Бір тақтайшаның салмағы үш килограмнан төрт килограмға дейін болған. Қойма Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Намдодағы Хеинса храмында сақталған.

Трипитака басылымдары. Тарих ғылымдарының докторы А. А. Масловтың айтуы бойынша, Трипитакидің ең толық жарияланымы 1922-1933 жылдары басылып шыққан және 1968 жылы Токиода басылып шыққан Тайшо Шиншу Дайжокионың (Тайшо жылдарындағы Трипитака) 55 томдық жапондық жиынтығы болып саналады.

Басылым келесі бөлімдерден тұрады:

Үнділік томдар:

1-21 томдар, Будданың өсиеттері мен сутралар.

22-24 томдар, буддистік қауым мен монахтар өмірін реттейтін ережелер.

25-29 томдар, Абхидхарма (әлем құрылысын абстрактілі түрде түсіндіретін буддистік ілім) аудармалары.

30-31 томдар, Йогачарлар(йоганы ұстанушылар) мен Мадхьямики(б.з.д. IIғ Нагарджуна негізін салған махаяналық ілім) жазбаларының аудармалары.

32 том, шатр(сутраларға пікірлер) аудармалары.

Қытайлық томдар:

33-34 томдар, қытайлық ғалымдардың сутраларға пікірлері.

35-48 томдар, қытайлық Буддизм трактаттары.

49-52 томдар, әртүрлі тарихи жазбалар, әртүрлі мектептердің танымал мұғалімдерінің өмірбаяны, қажылықтар мен мектептердің полемикасы туралы мәтіндер.

53-54 томдар, буддизмнің негізгі анықтамалары.

55 том, сутралар жинағы.

Басқа деректерге сүйенсек, 1924-1934 жылдар аралығында шыққан «Тайшо жылдарында жарық көрген Трипитака» (Dacheng xinshu dazanjing, 大 新 修 大 藏经) басылымына 2920 мәтін мен 8 том енген. Бұл Трипитака электронды түрде қытай тілінде www.fodian.net сайтында бар. Орыс тілінде Трипитаканың толық нұсқасын www.theravada.ru сайтынан оқуға болады.

Қорытындылай келе, Будда діні көптеген керемет, Үнді тарихы, мәдениеті мен діні туралы ақпарат беретін жәдігерлерге толы. Осылардың арасында пали тілінде сақталған «Трипитака» жазбалары ғылыми жағынан ең маңызды және қызығушылық тудыратын жазбалардың бірі. Осы аса құнды жәдігерлердің біршама үзінділерін Шығыстанушы ғалымдарымыз қазақ тіліне аударады деп үміттенемін!

Қолданылған материалдар мен интернет-ресурстар:

1. Типитака / Андросов В. П. // Телевизионная башня — Улан-Батор. — М. : Большая российская энциклопедия, 2016. — С. 152. — (Большая российская энциклопедия : [в 35 т.] / гл. ред. Ю. С. Осипов ; 2004—2017, т. 32). — ISBN 978-5-85270-369-9.

2. Виная-Питака: Махавагга. Дигха-никая: Тевидджа-сутта, пер. с пали и комм. В.В.Вертоградовой. – В кн.: Хрестоматия по истории Древнего Востока, ч. 2. М., 1980;

3. ru.wikipedia.org/wiki/Трипитака

4. www.britannica.com/topic/Buddhism

Нурбеков Мухтархан
«Дінтану» мамандығының 3 курс студенті
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекші: Мұқан Н.
PhD доктор, аға оқытушы
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
                                                                                                                                                                                                                       


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар