Өлең, жыр, ақындар

Жолбарыстар және олар туралы қызықты

Жолбарыс (Pantheratigris), мысық тұқымдасына кіретін (жыртқыштар жасағы) ең ірі заманауи аң. Оларға тән сыртқы белгі – қызыл-қызғылт сары немесе жирен-сары фонындағы қарама-қарсы қара немесе қоңыр тік жолақты тері. Дененің төменгі бөлігі әдетте ақ немесе ақсары. Ақ-қоңыр жолақты және көк көзді жартылай альбинос – ақ жолбарыстар кең таралған, бірақ алқызыл көзді және жарықтың айрықша түсуі кезінде ғана байқалатын жолақтары бар нағыз альбиностар өте сирек кездеседі.

Жолбарыс – нағыз азиаттық түр. Ол Қытайдың солтүстігінде плейстоценнің басында пайда болған, яғни шамамен 2 млн. жыл бұрын. Өткен ғасырдың соңында-ақ жолбарыстар Түркияның шығысы мен Иранның солтүстігінен бастап Ост-Үндістан мен оңтүстік-шығыс Сібірге дейін аймақты мекендеген. Қазір осы таралған аймақтың көбінде олар жойылып кеткен, ал сақталған аймақтарда сирек кездеседі, алайда біркелкі ірі популяциялар Үндістан, Непал және Малайзияда сақталған. Табиғатта жалпы жолбарыс түрлерінің 4000-6500 дарағы бар деп есептеледі.

Жолбарыстар мангр шалшықтарымен қоса тропиктегі бамбук ормандарында, біршама салқын аудандардың қалың тал ормандарында, жалаң тас шоқылар мен сібір тайгаларында, жалпы түрлі жерлерде мекендей береді. Тауларда олар теңіз деңгейінен 3000 м-ден жоғары көтеріле алады. Мекендеген жері, олжаның молдығы мен жолбарыстың жынысына байланысты ересек жануардың алатын дербес жері 200-ден 3000 км2 дейін жетеді.

Жолбарыстар қабан, бұғы, бөкен, енеке, гаур және салпыерін сияқты көбіне ірі сүтқоректілерді аулайды, бірақ құс, бақа және басқа да ұсақ жануарларды жейді. Манчжурия мен Сібірде олар қоңыр және гималай аюларына шабуыл жасап тұрады. Ірі қара малды да олжа ететіні жиі кездеседі, бірақ адам өлімі қазірде өте сирек.

Жолбарыстың бір секірісі 9 м-ге жетеді, бірақ ол барынша жақындап, құрбанын бір соққымен құлатуды жөн санайды. Ол әдетте азу тісімен ірі жануарлардың жұтқыншағын тістеп алып, тұншыққанша жібермейді, ал ұсақтарының әдетте мойнын кеміреді.

Ұрғашы жолбарыстар еркектеріне қарағанда кішірек болады, ал солтүстік жануарлар оңтүстікке қарағанда ірілеу келеді. Олардың ішіндегі ең ұсақ түрлері – балилік жолбарыстар жер бетінен жоғалып кеткен. Бұлардың ұрғашылары бар-жоғы 65 кг болған-тын. Ең ірі жолбарыстар – амурлық: еркектерінің салмағы 300 кг-нан асады. Құйрығын санамағанда денесінің ұзындығы (біршама уақыт бұрын ғана жоғалып кеткен популяцияларды есептегенде) ұрғашыларында – 1,3, ал еркектерінде 2,3 м-ге жетеді; құйрығы шамамен екі есе қысқа. Шоқтығының биіктігі ұрғашыларында 0,6, еркектерінде 1,1 м. Алдыңғы табандарында 5 саусақтан, артқы табандарында – төртеу, барлығының тартылатын тырнақтары бар. Хромосоманың диплоидтық саны – 38.

Қысқа некелік мезгілді және ананың ұрпағын бағып күту кезеңін санамағанда, жолбарыстар біркүндік өмір салтын ұстанады. Жұптасу белгілі бір кестеге бағынбайды, бірақ көбіне қыста болады. Жүктілік 102-106 күнге созылады, ал ұяда әдетте бірден төртке дейін мәулен болады. Ереже бойынша, өлекшін екі жылда бір рет туады. Жыныстық толысу ұрғашыларында 3-4 жасында және еркектерінде 4-5 жасында жүреді, алайда зообақтарда көбеюге екі жасар жануарларды да жібере береді. Тұтқындаулы күйде жолбарыстар 26 жасқа дейін өмір сүреді, табиғатта да шамамен солай.

Жолбарыстың 8 түршесі белгіленген: бенгалдық, немесе үнді (P. t. tigris), қазірде жер бетінен жоғалған, Шығыс Азияны мекендеген тұрандық (P. t. virgata), үндіқытайлық (P. t. corbetti), шамамен 30 дарағы ғана қалған қытайлық (P. t. amoyensis), амурлық (P. t. altaica), суматрандық (P. t. sumatrae), жоғалып кеткен явандық (P. t. sondaica) және балилік (P. t. balica).

Оқуға кеңес береміз:

Жолбарыс - суреттер сөйлейді

Жолбарыс

Алтын жолбарыстар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Сара

Ең сүйікті аң

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар