Өлең, жыр, ақындар

Нарша Булгакбаев Бақытты болуды үйреніңіз!

Жақында Нарша Булгакбаев Бақытты болуды үйреніңіз! Трилогиясын оқып шықтым, біріншісі Шексіз Сенімділік, екіншісі Өз тағдырыңды өзің жаз, үшіншісі Миды қозғайтын идеялар атты кітаптарын оқып шықтым. Өзінің "Жаман Ауруға" шалдыққанына қарамастан, кітапты сауатты, пайда беретіндей, нәтежиелі қылып жазыпты. Кітап көңілімнен шықты, жеңіл әрі қарапайым тілде, жақсы жазылған.

Керемет кітаптар және тамаша материал! Оңай әрі түсінікті. Нақты әрекеттерге арналған көптеген практикалық ұсыныстар бар. Автор ұсынған нәрсені орындау маңызды. Қарапайым ойлардан бастап, күрделі амалдарға дейін жазылған, сіз бұл кітаптарды оқу арқылы Өз тағдырыңызды өзіңіз жазып, Шексіз Сенімділікке ие болып, миыңызды әрдайым дұрыс жұмыс жасатуға үйретесіз деген үміттемін!

Алғашқы кітаптардың тұсаукесері сәтті өтті деп ойлаймын, ол электрондық нұсқасын тегін қылды, қалың оқырманға кең таралады деген үміттеміз, себебі бұл кітаптар халыққа ұнағаны соншалық, өзі де кітабында атап өтті: Материал оқырмандарға ұнады, олар оны бір-біріне таратып (тегін электронды нұсқасын), сатып алатыны сатып алып жатты (баспадан шыққан тірі кітаптарды).

Мен кәсіби психолог ретінде өте жоғары баға бере аламын және Наршаға әрі қарай шығармашылық табыстар тілеймін.

Автор: Рүстем Абдрашев
Психология ғылымның кандидаты


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз