«Естелік» бұрышынан ата жайлы көптеген ақпараттар, фото альбомнан суреттерін, кітаптардан көптеген мәліметтер оқу арқылы, сол сұрапыл соғыстың атмосферасын сезіне білдім. Өзімен кездесіп, сұхбаттасқан сәтте мен атаның көзінен туған жеріне, Отанына деген өшпес махаббаты мен патриоттық сезімдерді байқай білдім. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлымен соғыс алаңында бірге жүріп,қаруласы бола білген, соғыс аяқталғаннан кейінде бірнеше рет бір-бірінің үйінде дастархандас болған, сонымен бірге Қасым Қайсеновпен туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында соғыстан кейінгі жылдары кездесіп, көзін көрген ардагеріміз Қаңтарбайұлы Сәрсенбай атамен бетпе-бет кездесу мен үшін үлкен абырой деп білемін. Сәрсенбай Қаңтарбайұлының еңбегі ерең, ұрпаққа үлгі деп білемін. Олай болса, қарт майдангердің жүріп өткен өнегелі өмір жолымен бөлісуді жөн көрдім.
Соғысқа дейінгі жылдар
1924 жылы 10 мамыр күні Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. 1942 жылы Мұқыры орта мектебін бітіре салып, 18 жасқа толып, 3 айдан кейін қыркүйек айының 2 күні Семей облысының Аягөз қаласындағы 1-қазақ полкісінде кіші командирлерді дайындайтын әскери курсты 6 ай оқып, сержант атағын алып, кіші командир болған. 1 жылдан кейін 1943 жылы мамыр айында Түрікменстанның Мары қаласының пулеметшілер училищесіне ауыстырылып, 6 ай оқиды. Курста сарбаздарға саяси сабақпен бірге салмағы 65 келі, 2 метрлік ірі калибрлі станокті пулемет құрылысы үйретіледі. Нәтижесінде старшина атағын алады.
Соғыс уақытында
Старшина атағын алғаннан кейін, Мары қаласына соғысқа сұранады. Бірақ, оларды соғысқа жасына байланысты алмағандықтан, артынан 50 адамның ішінен 35 адамды ертіп, полктен соғыс аланына кетіп қалған болатын.
Оларды“қашқын” деп ұстап алғаннан кейін, осы сәттен бастап, Бауыржан Момышұлы“Олар қашқын болса елге қашады, олар соғысам деп қашып жатыр” деп өзінің 9 гвардиясында ешқайда жібермей, іріктеп, 3 ай бойы жаттығулар жасатып, соғысқа дайындайды. Рота командирінің бұйрығымен мергендігіне қарап, 497, 500, 9-гвардия, 13-гвардия полктарының автоматшылар ротасында командир етіп тағайындайды. Кейін ол кісіге 37 жауынгер беріліп, сол жауынгерлерді 3 ай бойы түрлі әскери жаттығуларға дайындап, мерзімі бітісімен өз бөлімшесімен қан майданға аттанады. Соғыс кезінде "Катюша" атты жойғыш қаруды басқарған. Нөмірі 49 катюша берілген. Поезд неміс жауынгерлері басып алған Каунас атты қаласының маңына келіп тоқтайды. 1943 жылдың соңынан 1944 жылдың желтоқсан айына дейін Мәскеуден бөлек тағы 5 түрлі мемлекетке (Польша, Литва, Латвия, Румыния, Эстония) бейбітшілік орнатуға қатысқан. Германияның Гумбиннен қаласында 1944 жылы қаңтар айының 22 күні 3 күндік кішігірім демалыста көше үстінде неміс әскерлері келіп, қарусыз жүрген Сәрсенбай Қаңтарбайұлы қолынан екі ауыр жарақат алыпты.“Оққа түспес бұрын қорқу дегенді білмей, оққа түсіп, жараланып, қорқыныштың не екенін түсіндім“дейді атамыз. 6 ай емделіп, 1945 жылы госпитальдан шыққан күні жеңіс күніне тура келіп, маусымның 24 күні ауылға қайтармай, жеңісті тойлатқан. 1945 жылы жеңісті тойлатып, Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда Жуковтың басқаруымен өткен Жеңіс шеруіне қатысып, ауылына ॥-топтағы соғыс мүгедегі болып қатысып, еліне оралған.
Бауыржан Момышұлының қаруласы
Сәрсенбай Қаңтарбайұлы мен Бауыржан Момышұлы екеуі 1944 жылы қаңтар айының 22 күні бірдей жараланып, бір госпитальда бірдей мерзімде емделіп шығып, бірге Жеңіс күнін қарсы алып, тойлатып бірге елге оралған. Отбасыларына аман сау оралғаннан кейін, бір-бірімен жиі кездесіп, ескі достардай жүріп, сөйлесіп, өз үйлеріне құрметті қонақ етіп, бір- бірінің отбасыларымен таныстырған.
Сондай жарқын, жылы шақтарды өткергендерін айтты.
Соғыстан кейінгі жылдар
Соғыстағы батылдығы үшін“Ұлы Отан соғысының ардагері” медалімен, 1-2 дәрежелі“Отан соғысы“орденімен, “Еңбек ардагері” медалімен, Астананың 10 жылдығы медалімен және 12 мерейтойлық“Жеңіс күні” медальдармен марапатталып, Ұлы Отан соғысының 60 жылдық мерейтойында
“Көксу ауданының құрметті азаматы“атағымен мараппаталған.
1945-1951 жылдар аралығында Жаршапқан ауылында мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеп, кейін 1 жылдан кейін 1951-1954 жылдар аралығында Жаркент педагогикалық училищесінің білім жетілдіру курстарына барып оқыған. 1952 жылдары Алғабас ауылының орта мектебінде 10 жыл мұғалім қызметін атқарады. 1955 жылы атамызды Алғабас Ауылдық Советінде хатшы, есепші қызметіне шақырған. 10 жыл бойы Совет құрамында сәтті жұмысын аяқтап, 1965-1985 жылдар аралығында 20 жыл бойы Алғабастағы байланыс бөлімшесінде пошта бастығы болып қызмет еткен. 1966 жылы Семейдегі байланыс бөлімінің 3 айлық оқуын оқып шыққан. 55 жасында зейнетке шыққан.
1950 жылы Нүсіпқызы Бәтихамен шаңырақ құрған. 9 баласы, 25 немересі мен 45 шөбересі бар. Қазір 98 жаста. Алматы облысы, Талдықорған қаласында тұрып жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі