Зерттеу — Әңгімелер, Мақалалар бөліміндегі материал.
Материал — Зерттеу, көзқарас — осы тақырыптарға байланысты.
Францияда құрылысшылардың өз жұмысы туралы не ойлайтындығына зерттеу жүргізілген екен. Құрылыс нысанына келген маман бір жұмысшыдан: «Не істеп жатырсың?» — деп сұрайды. Әлгі жұмысшы: «Көрмей тұрмысың? Мына тастарды паршалап, ана жерге үйіп жатырмын. Аптаған күннің ыстығында лажсыз тер төгіп, өлместің күнін кешудемін», — деп жауап береді.

Келесі жұмысшыға барған маман одан да: «Не істеп жатырсың?» — деп сұрайды. Ол: «Тастарды архитектуралық сызбаға сәйкес орнату үшін қолайлы пішінге келтіріп жатырмын. Бұл ауыр және ұқыптылықты қажет ететін іс. Бірақ нан табу керек. Осыған да шүкір. Жұмысым бұдан да қиын болуы мүмкін еді ғой», — дейді.
Зерттеуші маман тағы бір жұмысшыға барып: «Сен не істеп отырсың?» — деп сұрайды. Ол жайдарлы жүзбен қарап: «Сәулет-өнер туындысын тұрғызуға ат салысып жатырмын», — деп жауап береді.
Бұл сауалнаманың қызық тарапы — жұмысшылардың үшеуі де бірдей жұмыс атқарып жатқан болатын. Бірақ көзқарастары мен ұстанымдары үш түрлі. Демек таңдаған жолыңыздың сәтті, ырысты болуы көзқарасыңызға байланысты екенін де ескерген жөн. Ауа-райы жартылай бұлтты ма, әлде жартылай шуақты ма? Гүлдің сабағында тікені бар ма, әлде тікенді сабақта гүл бар ма? Стақан жартылай бос па әлде жартылай толы ма? Таңдау сізде!..
Бұл бетте Зерттеу тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Зерттеу материалы Әңгімелер, Мақалалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі