“Кітап оқу – менің саналы өсуімнің кілті”
Кітап оқу – бұл менің ішкі дүниемді байытудың ең басты жолы. Бұрын тек мектеп тапсырмалары үшін оқып жүрсем, қазір кітап мен үшін өмірдің бір бөлшегі болып қалды. Әр кітап – жаңа әлем, жаңа көзқарас, жаңа мүмкіндіктер. Кітап оқып отырып, мен өзімді ғана емес, айналамдағы адамдарды да тереңірек түсінуге тырысамын.
Кітап оқу маған өмірдің мәнін, ойлау тәсілін, сөздің құдіретін үйретті. Әр кітаптан алған білімімді өзіме, жан дүниеме сіңіріп, оны өз әрекеттеріме қолдануға тырысамын. Мен үшін кітап – тек білім көзі емес, бұл – рухани азық, әрі ойды дамытудың қайнар көзі.
Өмірде кез-келген қиындық пен сұраққа жауапты кітаптардан табуға болады. Әсіресе, мотивациялық және философиялық шығармалар мені үнемі шабыттандырып, алға ұмтылуға мәжбүр етеді. Ол кітаптар менің сенімімді нығайтады, өз-өзіме деген сенімділікті арттырады. Жақсы кітаптың ішіне терең еніп, кейде бүкіл әлемді басқа көзбен көріп шығады екенсің.
Кітап оқу менің өмірімді ретке келтіруге көмектесті. Күнделікті күйбең тіршіліктен алыстап, өзіммен ғана болатын уақыт таптым. Осы уақыт ішінде мен өзіме ұнаған тақырыптар бойынша кітаптар оқып, әрбір жаңа оқиға мені жаңа бір идеяға, жаңа бір жетістікке жетелейді. Мысалы, кейде бір ғана сөздерден, бір ғана сөйлемнен рухани күш аламын. Бұл мені шабыттандырады, жаңа нәрселерді жасағым келеді.
Менің болашақ мамандығым – журналистика. Бұл кәсіпте де кітаптардың маңызы зор. Әр кітаптан алған білімім мен дағдыларым болашақта мені кәсіби тұрғыдан жетілдіреді. Журналист болу үшін адамдарды түсіну, оқиғаларды жан-жақты көре білу керек. Кітаптар мені осы жолға дайындап жатыр.
Сондықтан, мен үшін кітап оқу – тек бос уақытты өткізу емес, өзімді дамыту, ойымды кеңейту, саналы түрде өмір сүрудің бір бөлігі. Кітап арқылы өзіңді тануға, әлемді тануға болады. Кітап оқып, мен өміріме жаңа бағыт беріп, өзіндік бір жолды таба алдым.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі