Сәукеле

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы деректер / Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы / Сәукеле

Сәукеле — Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Сәукеле бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Сәукеле - ұзатылған  қыз киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағылады. Сәукеленің өн бойы қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт, лағыл сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады, түрлі-түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі.  Матасына әшекей, шашақ, оқа тағылып, жиегіне бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталады. Бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің артқы жағына ұзындығы жерге жететіндей ақ желең тағылады.

Сәукелені өте шебер әйелдер тігеді. Ұзатылған қыздың дәрежесі осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдардың қыздары киеді.

XIX ғасырдың алғашқы жартысында Кіші жүздің Байсақал атты байы мен Орта жүздің Сапақ байы құда болыпты. Байсақал құдаларына қыздың сәукелесін жіберіп: "Басқа ештеңе сұрамаймын, тек осы бір сәукеленің бағасын өздері есептеп берсе болды"- депті. Сонда Кенесарының ағасы Саржан төре: "Бұл сәукеленің бағасы бес жүз байтал болады екен, сондықтан қызының малы бес жүз жылқы болсын"- деп кескен екен. (Бұл дерек ғалым, этнограф  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбегінен алынған.)

Сәукеле - тек бас киім емес, ол - қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің  озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.

Назар аудар:

Ұлттық киімдер

Қазақтың ұлттық киімдері

Шапан



WhatsApp Telegram

Пікірлер (8)

dudu2015

Шапан туралы материалдар жоқ па сайтта?

Арайлым

Жүсіп Көпейұлының қай еңбегінен алынған?

Ершат

ал басқа қыз кисе не болады

фатима

қазақтын талғамына сай өте орынды

Аяулым

Мына тарсырмаларды калай орындайды

Ұлжан

Сәукеле маған ұнайды

Сабина

Саукеле туралы мәлімет унады

Сабина

Саукеле маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәукеле туралы не білуге болады?

Бұл бетте Сәукеле тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Салт-дәстүр – қазақтың ұлттық мұрасы бөліміндегі басқа материалдар сәукеле тақырыбындағы материалдар бас киім тақырыбындағы материалдар қазақтардың бас киімдері тақырыбындағы материалдар ұлттық киімдер тақырыбындағы материалдар Қазақтың ұлттық киімдері тақырыбындағы материалдар kz2015 жариялаған басқа материалдар