Өлең, жыр, ақындар

Баб Ата кесене-мешіті

Баб Ата кесене-мешіті — қазақ даласындағы шежірелі жерлердің бірі. Баб Ата (Ысқақ баб) Түркістан өлкесіндегі беделді дін иелерінің бірі болған. Оның қабірінің басындағы құлаған көне мазарының орнына XIX ғасырда жаңа күмбез салынды. Күмбез күйдірілген шаршы кірпіштен ортағасырлық үлгіде бой көтерген. Құрылыстың астынғы негізгі бөлмелері төртбұрышты.

Кесененің бас күмбезі биік етіп тұрғызылған. Шағындау екінші күмбез де осы үлгіде қаланған. Баб Ата күмбезінде намаз үлкен бөлме, сағана, діни-рәсімдік, т.б. бөлмелер бар. Бөлмелер сыланып, өрнектелген. Күмбездердің ішкі жағы жазулармен көмкеріліп, өсімдік өрнектермен безендірілген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз