Өлең, жыр, ақындар

Ермек Серкебаев

Ермек Бекмұхаммедұлы Серкебаев — КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, опера өнерінің ұстазы. Ермек Бекмұхаммедұлы 1926 жылы 4 шілдеде Петропавл қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен өте әзілқой Ермекті жақындары керемет жақсы көрген. Әжесі Мағышекер немересі десе ішкен асын жерге қоятын. Анасы мен немере ағалары Ғалымжан, Фазылжан Ермекті скрипкада, мандолинде, гармоньда ойнауға үйреткен. Кейінірек ол өзі білім алып жүрген мектебінде «неаполитандық» оркестр құрады. Ұлының құмарлығын байқаған әкесі оны П.И. Чайковский атындағы Алматы музыка училищесінің скрипка сыныбына береді. Ермектің үлкен музыка әлеміне бағытталған өмір жолы осылай ашылған еді. Ермек Серкебаев Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының вокал факультетінің студенті болып жүріп, Опера және балет театрында Абайдың күрделі партиясын орындайды. Содан бері Ермектің лирикалық баритоны тыңдаушыларының сүйіспеншілігіне бөленуде.

1953 жылы Е.Серкебаев Бухаресте Халықаралық вокалшылар конкурсының лауреаты атанады. 1973 жылдан бері Алматы консерваториясы студенттеріне өз шеберлігінің құпияларын үйретуде, ал 1983 жылы профессор атағына ие болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер