Өлең, жыр, ақындар

Евней Бөкетов

Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925-1983) — қазақтың белгілі химик-металлургі, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданында дүниеге келген.

Негізгі ғылыми еңбектері түсті, асыл және сирек металдар металлургиясына, химия салаларына арналған. Ғалым марганец рудаларын қайта өңдеу мәселесін шешуге елеулі үлес қосқан. Қазақстан химия ғылымының әлемдік деңгейге шығуы Е. Арыстанұлының да есімімен байланысты. Оның жүзден астам ғылыми мақалалары жарық көрді.

Е. Арыстанұлы қазақ әдебиетінде сыншылық және аудармашылық еңбектерімен де танымал. Ғалым Шоқан, Абай, Мұхтар жайлы қалам тербеген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз