Өлең, жыр, ақындар

Есек

Есек — жылқы туысына жататын сүтқоректі тақ тұяқты жануар. Жабайы африкалық есектен шыққан. Қолға бұдан бес-алты мың жыл бұрын үйретілген. Дене бітімі шымыр, шоқтығына дейінгі биіктігі 1-1,2 м, түсі қоңыр, күңгірт, азық талғамайтын, құрғақшылыққа төзімді көлік малы. Есектің айғырын әңгі, биесін мәші, құлының қодық деп атайды.

Жабайы есек үйірлері Африкада (Сомали, Эфиопия) тіршілік етеді. Оның әр үйірінде бір әңгі, бір-екі жасар қодығын ертіп жүретін бес-алты мәші болады. Жабайы есекті Сомали есегі және Нуби есегі деп аталатын екі түр тармаққа бөледі. Әр түрлі жабайы есектерді қолға үйреткеннен кейін ұзақуақыт сұрыптаужәне оларды бір-бірімен будандастыру аркылы күш көлігі ретінде тиімді тұқымдары (Иранда хомад, Испанияда каталон, Орта Азияда бұқар) шығарылды. Есек үш жасында жетіледі. Көктем, жаз айларын да үйірге түсіп, 12,5 ай көтеріп, бір қодық туады. Қодығын алты ай сүтімен қоректендіреді. Есек он сегіз-жиырма жыл тіршілік етеді. Жылдан-жылға санының күрт азаюына байланысты Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер