Өлең, жыр, ақындар

Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұн (XI ғ.) — аса көрнекті ақын, философ, адам жанын терең түсіне білген данышпан. Ол Карахандар мемлекетінің саяси және мәдени орталығы — Баласағүн қаласында дүниеге келген. Мұсылманша жан-жақты білім алған. Араб, парсы поэзияларының және түрік фольклорының қыры мен сырын жетік білген.

Жүсіп XI ғасырда өсіп келе жатқан түріктік өзіндік сананың және мұсылман идеологиясының негізінде тамаша тарихи-көркем шығарма — «Құтадғу біліг» («Кұтты білік») атты классикалық поэмасын жазады. Бұл дастанда көне дәуір ақыны адамгершілікті, адалдыкты тебірене жырлайды. Оқу-білімге, инабаттылыкқа шақырады. Хан мен уәзірден бастап, атшы мен емшіге дейін қоғам алдындағы міндеттерін адал орындауға меңзейді. Парасатты өмір сүру мен дұрыс заңдылықты үйлестіре білу бақыттың негізгі ұстанымы ретінде түсіндіреді.

Жүсіп — ғасырларға ұласатын поэтикалық және эпикалық дәстүрде қалыптасқан түрік сөздігінін шебері. «Құтадғу біліг» барлық түрік халықтарының тарихи әрі мәдени мұрасы, рухани өзегі болып табылады.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Жүсіп Баласағұнидың нақыл сөздері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Сығаев Дүйсенбай

Жүсіп Баласағұнның қай тайпаның өкілі

Динара

Баласағын (Баласағұн) қаласы, Қырғызстандағы қәзіргі Тоқмоқ қаласы өңірі, түркі Қарахандар әулетінің мемлекеті

Ай-Ару

3,4 шумақтар болса жақсы болар еді.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз