Жабы, жабы жылқысы — байырғы қазақ жылқысының бір түрі. Қазақстанның оңт.-батыс және оңт.-шығысында өсіріледі. Денесі ірі, басы дөрекілеу, мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ сауырлы, құйрық-жалы қалың әрі ұзын, денесі тығыз, етті болады. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Әдетте торы және жирен түсті, сүр көк болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Жайылымда жүргеннің өзінде өр биеден тәулігіне 11-15 л сүт саууға болады. Жайылымда семірген жабы жылқыдан 230-250 кг таза ет түседі. Айғырының шоқтығына дейінгі биікт. 144,8 см; тұрқы 150,8 см, кеуде орамы 179,1 см; жіліншік орамы 19 см; жайып семірткендегі орташа салмағы 470 кг.
Жабы Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында ет үшін өсіріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі