Өлең, жыр, ақындар

Жоңғар шапқыншылығы

1635 жылы Батыс Монғолиядағы ойраттардың шорос, хошоут, дурвэд, хойт деген төрт тайпасы бірігіп, Жоңғар хандығын құрған. Бұл мемлекеттің негізін Батыр қонтайшы қалаған. Батырдан кейін Сенге, Қалдан Бошақты, Севан Рабдан, Қалдан Серен қонтайшылар билік жүргізген. Жоңғарлар өзімен көршілес мемлекеттерге, әсіресе, Қазақ мемлекетіне шабуыл жасап отырған.

Жоңғарларды қазақтың бай су қайнарлары, шұрайлы жайылымдары, Қытай мен Орта Азияны байланыстыратын сауда жолдары қызықтырды.
Қазақ халқы ойрат-жоңғар шапқыншылығына қарсы екі жүз жылдай күресті. Соңғы қонтайшы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғар хандығында таққа талас басталды. Цин империясы осыны пайдаланып, 1755 - 57 жылдары жоңғарларға бірнеше рет шабуыл жасап, хандықты жойып жіберді.

Оқуға кеңес береміз:

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз