Кәукен (Әбдірахым) Кенжетаев (1916 - 2008) — әнші, Қазақстанның халық артисі. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1936-41 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясында оқыған. 1959 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1942-46 жылдары Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет атқарады.1946 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында еңбек етеді.
1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады.
Кәукен Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семён (Е.Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайында»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан Сарасында»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Карменінде»), Князь Игорь (А.П. Бородиноның «Князь Игорінде»), Руслан (М.И. Глинканың«Руслан мен Людмиласында»), Демон (А.Г. Рубинштейннің «Демонында»), Алексо (С.В. Рахманиновтың «Алекосында») партияларын шебер орындады. 1957 жылданбастап киноға түсіп, Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн туса да»), Нұртаза («Ән қанатында»), Танабай («Тұлпардың ізінде»), Жаппас («Таудағы шынарда»), Базарбай («Қыз Жібекте»), Қазанғап («Боранды бекетте») т.б. рөлдерін ойнады. Кәукен Кенжетаев режиссер ретінде Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», П.И. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» т.б. операларды қойды.
1979 жылдан өнер академиясында дәріс береді. «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин», т.б. кітаптардың авторы. Гастрольдік сапармен Польша, Моңғолия, Румыния, Туркия, Грекия, Египет, Сирия, Ливан т.б. елдерде болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі