Өлең, жыр, ақындар

Картоп

Картоп, картофель — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Картоптың 150-ге жуық түрі белгілі. Отаны — Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық картоп, негізінен, 2 түрге бөлінеді. Анд картобы Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Чили (Еуропа) картобы климаты қолайлы елдерде өседі.

Картоп Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Картоп жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Картоптың биіктігі 40-80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3-6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5-8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10-13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал — 1-2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. Картоп түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1-2% белок, 1%-ға жуық минералды тұздар, С, В1 В2, В6, РР, К витаминдері бар. 1 гектардан орта есеппен 100-200 ц өнім түседі. Картоп тағам, мал азығы және өнеркәсіпте техникалық шикізат ретінде пайдаланылады. Зиянкестері: картоп түн көбелегі, колорадо қоңызы, т.б.

Оқуға кеңес береміз:

Картоп өсіру технологиясы

Томтато — будандастырудың өнімді нәтижесі

Мына азық-түліктерді біз дұрыс тазаламай келіппіз

Жеміс-жидектер мен көкөністердің гүлдеу барысындағы көріністері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз