«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей:
Менің ең алғашқы «Әулиеағаш орта мектебінің» табалдырығын аттаған күн ол – ең керемет сәттердің бірі. Осыдан 1 жыл бұрын 2020 жыл пандемия кезі, оқушылардың бәрі қашықтықтан оқуға мәжбүр болған кез еді. Мен біздің мектепке «1-қыркүйек білім күні» шашыма ақ бантигімді тағып, үстіме әдемі мектеп формасын киіп, бетпердемді тағып, білім күніне арналған қашықтықтан ватсап желісімен мектеп директорының құттықтау сөзінен кейін видео арқылы таратылатын алғашқы қоңырауын соғуға бардым. Мектептің алды тым-тырыс, мектеп ғимараты өте әдемі және биік екен. Мектептің алдынан Шынар апайым маған мейірімді көздерімен күлімсіреп қарсы алып, оқушы атанғаныммен құттықтағаны әлі есімде, солай жүрегімді жылы лебіздерімен бірден нұр секілді жаулап алды . Сол сәттен бері Шынар апай маған өте жақын жандардың біріне айналды. Шынар апай бізге оқуды, жазуды үйретті. Апайдың айтқанын орындап, ренжітпеуге тырыстым. Өйткені, ұстазым соған лайықты жан. Апайымның жетекшілігімен түрлі сайыстарға қатысып, ғылыми жобаны да қорғап жүлделі орындарға ие болдым. Ұстазым бізге білім беріп қана қоймай, тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбекке, отанымызды сүюге, ана – тілімізді құрметтеуге баулыды. Өмірде өз анамнан кейінгі қадірлі жан ол менің ұстазым. Себебі Шынар Зейнелқызы - бізге білім беріп, тәрбиелеп, күлімдеген, күнім деген, жүрегімізге болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Ұстазымның бізге артқан сенім мен үмітін ақтаймын деп уәде беремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі