Өлең, жыр, ақындар

Сахи Романов

Сахи Романов Александр Иванович (1926 -2002) — кино суретшісі, график, кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі. Ол Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Қарақұм ауылында дүниеге келген.

1944-47 жылдары Мәскеу көркемсурет орта мектебінде, 1947-48 жылдары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында оқыған. 1955 жылы Мәскеудегі Кинематография институтын бітірді. Сахи Романов «Қанатты сыйлық», «Алдар көсе», «Ән қанаты», «Жангелдин отряды», «Найзатас баурайында», «Құлагер», «Даладағы қуғын» фильмдерінің декорациясымен костюм нобайларын, «Қырық өтірік» ертегісінің графикалық иллюстрацияларын және «Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы» топтамаларын жасады. Сондай-ақ «Ант. Жер туралы декрет», «Отан аспаны аясында», «Бектау ата» топтамасын, «Аврора жаңғырығы» және т.б. көптеген картиналарды салды.

Сахи Романов — Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендері мен медальдардың иегері.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз