Қорқыт ата кесенесі — Тарих бөліміндегі материал.
Материал — Қорқыт ата, қорқыт, Қорқыт ата кесенесі — осы тақырыптарға байланысты.
Қорқыт дананың қабірі қай жерде екенін тап басып айту мүмкін емес. Оның кесенесі туралы көнекөз адамдардың әрқайсысы әр түрлі айтады. Неғұрлым анығы һәм атақтысы — Сырдарияның төменгі ағысындағы Қармақшы қыстағының маңындағы кесене. Осы кесене ұзыннан созылған сегіз қырлы үлгіде, төбесі күмбезделіп салынған. Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Кесенеге жалауы бар ұзын сырғауыл қойылған. Өкінішке қарай, Сырдарияның ағынды суы бұл күмбез бен қабір басындағы белгіні баяғыда шайып жіберген. Қазір сол жерге жаңа кесене салынған.
Қорқыт ата кесенесінен әркез қобыз күйі естіліп тұрған деседі. Оның жаңа кесенесі төрт қобыз бір-біріне сүйеніп тұрғандай етіп биікке салынған, одан қобыздың сырлы әуезі шығып жатқандай болады.

Халық арасында Қорқыт қобыз бен күйдің атасы саналады. Ол өзі ойлап тапқан қобызбен күй тартып, ажалды жолатпаған екен. Қорқытты ел шежіресінде мәңгілік өмір жыршысы, бақсылардың атасы, ұлы сазгер ретінде қастерлейді.
Оқуға кеңес береміз:
Бұл бетте Қорқыт ата кесенесі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тарих бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Қорқыт ата кесенесі материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі