Құрбақа — құйрықсыздар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында кұлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан. Қазақстанда құрбақаның 3 түрі: кәдімгі құрбақа, жасыл құрбақа және даната құрбақасы кездеседі. Кәдімгі кұрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құрбақалар денесі кеппеу үшін күндіз орман төсенішінің астына, тышқандар мен көртышқаннын індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынып, қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, шұбалшаңмен, т.б. қоректенеді.
Індерде, тұрғын үй астында, қоймаларда қыркүйектің аяғы мен қазаннан бастап қысқы ұйқыға кетеді. Наурыздың аяғы — мамырдың басында қысқы ұйқыдан оянғаннан кейін ақпайтын немесе ағыны баяу су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Құрбақалар зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Оқуға кеңес береміз:
Бразилияда 7 жаңа "мини-бақалар" анықталды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі