Жарқын түстерге боялған қосмекенділерді ғалымдар бразилиялық атлант ормандарында тапты.
Жаңа табылған қосмекенділер Brachycephalus түріне жатады. Бұл түрдің өкілдері кішкентай пішімдерімен және жарқын бояуларымен сипатталады. Бразилияда анықталған бақалар өз түрінің ең ұсақтары болып келеді – олардың кейбірінің ұзындықтары сантиметрден де аспайды.
Оларды аулайтындар үшін ескерту: Brachycephalus-тің жарқын түсі бақаның терісі шабуылдаушыға қауіпті токсинге ие екенін білдіретін алдын ала ескерту сигналы болып табылады.
Brachycephalus жайлы алғашқы жазбалар 1824 жылы ғылыми жұмыстарда пайда болған, алайда бұл түрдің көптеген өкілдері соңғы 15 жылда табылған. Бұл, олардың қол жетпес аймақтарда мекендейтінімен байланысты. «Қажетті орынға жету үшін, бір бағытқа ғана біз екіден сегіз сағатқа дейін жүретінбіз», — дейді зерттеушілердің бірі Марсио Пье.
Осылайша, енді биологтарға Brachycephalus түрінің 28 өкілі таныс. Пье жақын жылдары бұл тізім бірнеше есеге өсетініне сенімді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Фариза
Не деген кішкентай