Франция баспасөзі - Францияда газет шығару ісі 17 ғасырда пайда болып, 1604 жылы алғашқы газет «Газет Француаз» жарық көрді. Әлемдегі ең алғашқы журнал «Журнал де саван» деген атпен 1665 жылы Францияда дүниеге келген.Танымал басылымдары «Пари матч», «Фамм Актюэль», «Элль», «Мари Франс», «Экспресс», «Пуэн», «Нувель обсерватер», «Телесет жур». Сондай-ақ «Фигаро», «Паризьен», «Монд», «Франс-СУАР», «Либерасьон» секілді ұлттық газеттер шығып тұрады. Олардың ішіндегі ең беделдісі және танымалы 797 мың данамен таралатын «Уэст-Франс» газеті.Сонымен қатар балаларға арналған әйгілі Франция журналы «Пиф» комикстер журналы болып табылады. Ол 1969-1993 жылдары және 2004-2008 жылдары аралығында шығып тұрды.
Бүгінгі француз журналистикасында ашықтық, еркіндік сезіледі. Бұл мемлекетте журналистерге айрықша құқық берілген. Журналист пен шенеунік соттасқан жағдайда журналистің жеңу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да, журналистер қателесуден қорықпайды. Ашықтық дегенімізге тоқталып өтер болсақ. Мәселен, біздің мемлекетіміздің парламентте талқыланған жиындардың кейбіріне ешқандай журналистер шақырылмаса, Францияда керісінше, басы – қасында журналистер жүреді. Кез келген қоғамдық шараларға атсалыса алады. Бұл мемлекет баспасөзінде «Цензура жоқ» деуге де болады. Әлемдік рейтинг бойынша бұл мемлекет цензурасыз мемлекеттердің қатарына кіреді. Журналистиканың салалық түрлері өте жақсы дамыған. Сары басылымдардың үлес салмағы өте жоғары. Сенсациялық жаңалықтарға жаны құмар. Бұл елдің баспасөзінің тағы бір ерекшелігі – кез келген жаңалықты сарказм арқылы жеткізу,әжуә ету.
Францияда 100 ге жуық апталық басылымдар шығып тұрады. Жаңа медиаға көшу үдерісі жүріпжатқанымен, ол бұл мемлекеттегі дәстүрлі медианы ысырып тастай алмады. Халықтың бәрі жаңалықтарды газеттерден оқығанға үйреніп қалған. Сол себепті апталық газеттер көптеп шығарылады. 1631 жылы Теофраст Ренодонегізін салған «Газет» апталық газеті ақпараттарының жан-жақтылығымен, әдеби деңгейінің жоғарылығымен, ұзақ уақыт үзбей шығып тұрғандығымен ерекшеленеді.
Орындаған: Тоқанова Аяужан, 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Майкотова Ғ. Т.,ф.ғ.к., доцент, Әлім Ә,.А., аға оқытушы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі