Өлең, жыр, ақындар

Франция баспасөзінің тарихы

1470 жылы Франциядағы алғашқы баспаханалар ашылып, өзінің бастапқы өнімдерін бере бастады. Ал бұл елде газет шығару ісі XVII ғасырда пайда болып, 1604 жылы алғашқы газет «Газет франсуаз» жарық көрді. Артынша 1611 жылы «Француз меркурийі» дүниеге келді.

1631 жылы Теофраст Ренодо негізін салған «Газет» апталық газеті ақпараттарының жан –жақтылығымен, әдеби деңгейінің жоғарылығымен, ұзақ уақыт үзбей шығып тұрғандығымен ерекшеленеді. Әлемдегі ең алғашқы журнал «Журнал де саван» деген атпен 1665 жылы Францияда дүниеге келген. Соның ізінше, 1672 жылы жарық көрген «Меркюр галан» журналындағы тақырыптардың жан – жақтылығы, формаларының әртүрлілігі, кейбір жанрлардың ұшырасып қалуы - қазіргі журналдарға ұқсайды. Франция баспасөз тарихындағы алғашқы жекеменшік журнал Пьер де Шамблен де Маривоның иелігінде «Спектатэр ырансэ» деген атпен дүниге келген. Ал алғашқы күнделікті газет «Журнал де Пари» жарық көрген тұста, Парижде 27 газет шығып тұрған.

1629 жылы король Людовик 13 цензура туралы заң шығаруы баспасөздің дамуына тежеу болды. Бұл заң бойынша полиция мен цензордың рұқсатынсыз ештеңе басылмайтын еді. Дінге, корольге, мемлекетке қарсы дүниелердің басылуына қатаң тиым салынды. 1660-1756 жылдар аралығында «Баспасөздегі қылмысты істері» бойынша журналистер, баспаханашылар, кітап сатушылар Бастилияда болып қайтты. Ал баспасөзде жіберген кемшіліктері, кіәналары үшін қлім жазасына кесу ісі Францияда XVIII ғасырдың соңына дейін жалғасты.

Ең алғашқы газет 1604 жылы жарық көруі – Франция баспасөзінің алға жылжуына ерекше ықпал етті. Тек өз жерінде ғана емес, газет шығару ісін Еуропаның бірқатар мемлекеттеріне, соның ішінде Түркияға кеңінен таратты. 4 ғасырға жуық тарихы бар Франция баспасөзінің бүгіні де, келешегі де жарқын. Қазіргі таңда Францияда 100-ға жуық апталық басылымдар шығып тұрады. Жаңа медиаға көшу үдерісі жүріп жатқанымен, ол бұл мемлекеттегі дәстүрлі медианы ысырып тастай алмады. Халықтың бәрі жаңалықтарды газеттерден оқығанға үйреніп қалған. Сол себепті апталық газеттер көптеп шығарылады.

Бүгінгі француз журналистикасында ашықтық, еркіндік сезіледі. Бұл мемлекетте журналистерге айрықша құқық берілген. Журналист пен шенеунік соттасқан жағдайда журналистің жеңу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да, журналистер қателесуден қорықпайды. Ашықтық дегенімізге тоқталып өтер болсақ. Мәселен, біздің мемлекетіміздің парламентте талқыланған жиындардың кейбіріне ешқандай журналистер шақырылмаса, Францияда керісінше, басы – қасында журналистер жүреді. Кез келген қоғамдық шараларға атсалыса алады. Бұл мемлекет баспасөзінде «Цензура жоқ» деуге де болады. Әлемдік рейтинг бойынша бұл мемлекет цензурасыз мемлекеттердің қатарына кіреді. Журналистиканың салалық түрлері өте жақсы дамыған. Сары басылымдардың үлес салмағы өте жоғары. Сенсациялық жаңалықтарға жаны құмар. Бұл елдің баспасөзінің тағы бір ерекшелігі – кез келген жаңалықты сарказм арқылы жеткізу (Оған дәлел Қазақстанға келген Францияның үкімет басшысына жапқан шапанды келеке ету, тағы сол сияқты).


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз