Созылмалы панкреатит — ұйқыбез паренхимасының, түтіктерінің зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо-, эндогендік функцияларының жетіспеушілігіне әкелетін ұйқыбездің созылмалы қабыну-дистрофиялық ауруы.
1. Ішкілікке салыну (90%). Күн сайын 100 мл-ден алкогольді немесе 2 л-ден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқыбезде гистологиялық бұзылыстарды дамытады. Алкогольді үнемі ішетін әйелдерде панкреатиттің айқын көрінісі 11-12, еркектерде 17-18 жылдан кейін пайда болады.
2. Биллиарлық гипертензия — бауырдан төмен биллиарлық түтіктерде қысымның биіктеуі (Фатер емізігінін стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде, холедохта тастың тірелуінде, және онекелішектік гипертензияда болатын).
3. Дуоденобиллиарлық рефлюкс (Одди сфинктерінің шамасыздығынан, дуоденостаздан болатын).
4. Алиментарлық фактор — майлы, қуырған тағамды асыра жеу, белоктың жетіспеушілігі, витамиңдердің, әсіресе А витаминінің тапшылығы.
5. Вирустық инфекция (Коксаки В, гепатиттің вирустары).
6. Дәрмектердің әсерлері (ұзақ қолданылған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофураңдар, қабынуға қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер, холинэстераза ингибиторлары).
7. Гиперлипидемиялар (ұйқыбездің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май қышқыддарының улық әсер етуі).
8. Гиперпаратиреоз (ұйқыбездің түтіктерінде тастар түзілуі, кейіндеу — кальцинозы).
9. Жедел панкреатиттің созылмалыға ауысуы.
Атап өткен факторлар ұйқыбезге түрлі әсер етеді. Алкоголь ұйқыбездін секрециясын күрт күшейтеді және сөлінде белоктың мөлшерін арттырады. Бөлінетін сөл белокқа аса каныққан ерітінді болғандықтан, құрамындағы белок ұсақ түтіктерде уыз тәрізді ұйып түтіктердің өтімсіздігіне әкеледі. Қысымның биіктеуінен, түтікшелердің немесе ацинустардың базальдік мембраналары жарылады, бездің паренхимасына өткен ферменттер оны бейтараптайды. Сонымен қатар, қанға «тасып» түскен ферменттердің әсерінен өзге ағзаларда жүйелі зақымданады. Бездің өз-өзін бейтараптауынан химиялық некроздар дамиды. Бездің секрециясы неғұрлым күшті болса, деструкцияның көлемі де соншалықты. Некроз ошағындағы май мен май қышқылдарының кальций тұздарын жинап алу қасиеті жүре бара ұйқыбездің кальцинозына әкеледі. Кальциноздың салдарынан түтіктердің өтімсіздігі онан сайын ауырлайды. Бір басталған процесс, осылайша әрі қарай өз бетінше өрістейді.
Қалыптыда ұйқыбездің ферменттері онекелішекте ғана белсеңділенеді, өйткені липазаның активациясына өт кышқылы, трипсиногеннің активациясына ішектік энтерокиназа қажет. Трипсиногеннің бейтараптау әсері, дәнекер тінді бейтараптайтын эластазаға ұқсас, өте қуатты. Дуоденобиллиарлық рефлюксте ұлтабардың сөлі (құрамында өт, түрлі ферменттер, соның ішінде энтерокиназа болатын) ұйқыбездің түтіктеріне өтеді. Мұндайда ұйқыбездің ферменттері түтіктерде активацияланып, бездің паренхимасы мен түтіктерін зақымдайды. Жүре бара түтіктердің деформациясы мен стенозы қалыптасады, Фатер емізігі қабынады және тарылады. Аталмыш бұзылыстардан ұйқыбез сөлінің ағып шығуына көптеген кедергілер пайда болады. Сонымен, алкоголь бездің кальцинозына, ал биллиарлық гипертензия және дуоденобиллиарлық рефлюкс обструкциялық панкреатитке әкеледі. Кейбір дермектер (нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрілер, мысалы аспирин) ұйқыбезді алкоголь тәрізді стимуляциялау арқылы панкреатитті дамытуы мүмкін. Оны идиопатиялық панкреатит болғанда ескеру қажет. Жедел панкреатит 30%, сөл ағуының бұзылысынан немесе кальцинаттардың түзілуінен, созылмалыға айналады.
Холангиогенді панкреатит көбіне әйелдерде, алкогольдік панкреатит еркектерде кездеседі. Созылмалы панкреатит көрінісінің синдромдары: қабыну-деструкциялық, диспепсиялық, бездің экзокриндік және эндокриндік функцияларының шамасыздығы.
Қабыну-деструкциялык синдром — без ұлпасының химиялық некрозынан, ісінуінен және қабынуынан дамиды.
Бұл синдромның басты белгілері:
• іштің ауыруы;
• панкреатикалық гиперферментемия және ферментурия (ферменттердің ауытқу феномені);
• интоксикация (қызудың кетерілуі, әлсіздік, артралгиялар, тәбеттің нашарлауы);
• холедохтың ісінген бездің басымен қысылуынан болатын өтпелі механикалық типті сарғаю;
• жедел фазалық қабыну реакцияларының жоғарылауы.
Панкреатиттің басты белгісі — іштің ауыруы. Оның себептері: ұлпасының ісінуінен без капсуласының керілуі (капсулалық ауырсыну); бездің ісінуінен, инфильтрациясы мен склерозынан нерв талшықтарының қысылуы немесе тітіркенуі; түтікішілік қысымның биіктеуі. Іштің ауыратын жерінен бездің зақымданған бөлігін шамалап анықтауға болады. Ұйқыбездің құйрығы зақымданса ауырсыну сол қабырғалықта немесе кіндіктің сол жағында орналасады, денесі зақымданса, онда эпигастрийдің сол жартысы ауырады. Егерде ұйқыбездің басы зақымданса, онда ауырсыну эпигастрийдің оң жартысында, Шоффар аймағында орналасады және оң жақ аймақтарға таралады. Ұйқыбездің тотальді қабынуында іштің жоғарғы аймақтары тұтас ауырады немесе өткір, белді буындырғандай ауыру пайда болады. Кейбірде тек арқа ғана ауырады. Әдетте, майлы, қуырған не өткір тағамды ішкеннен 40-60 минуттан кейін ауыру күшейеді. Тамақ ішпесе ауыру басылады. Науқастардың көбі, тәбеті тартса да, тамақ ішуден бас тартып, арықтайды.
Егер ауырудың себебі түтікішілік қысымның жоғарылауынан болса, ол ұстамалы болады және спазмолитиктердің көмегімен басылады. Капсуланың керілуінен болатын капсулярлық ауырсыну үнемі мазалайды, дененің сәл сілкінісінен, мысалы жүргенде күшейеді. Науқастар шалқасынан жата алмайды, аяғын ішіне тартып бүйірінде немесе етпетінен жатуға мәжбүр болады. Спазмолитиктер әсер етпейді, тек анальгетиктер (наркотиктер) көмектеседі. Бірақ үш инъекциядан кейін наркотикке тәуедділік калыптасуы мүмкіндігі есте болуы тиіс.
Секрецияның күшеюі панкреатитті өршітеді, ал өршу процесі секрецияны тежейді, сондықтан 5-7 күннен кейін ауырсыну өз-өзінен басылуы мүмкін. Науқастардың 1%-да панкреатикалық неврит аталатын, тек наркотиктермен басылатын, іштің аса қатты ауыру болады. Негізінде, іштің мұндай ауыруы ұйқыбездің рагына тән белгі. Панкреатиттің өршу кезіңде диспепсиялық синдром пайда болады. Панкреатикалық диспепсияның белгілері: гиперсаливация, кекіру, тәбеттің төмендеуі, майлы тағамнан жиіркену, іштің кебуі.
Бұл Лангерганс аралшаларының жойылуынан болады. Глюкагонның тапшылығынан гипогликемиялық синдром, инсулиннің тапшылығында — глюкозаға толеранттылық төмендейді, яғни қантты диабетке тән белгілер пайда болады.
Панкреатиттің диагностикасында ұйқыбез ферменттері активациясының белгілерін тапқан маңызды:
— кеуденің төменті аймақтарында, кұрсақгың бетіңде диаметрі әртүрлі (1-3 мм) дөңгелек, ашық қызыл түсті микроаневризма болып табылатын дақтар («тамшылар» — Тужилиннің белгісі);
— шел қабаттың арасындағы майдың некрозынан болатын, көлемі бірнеше мм-ден 3 см-ге дейін, сипағанда ауырсынатын түйіндер;.
— Гротт белгісі — кұрсақ қабырғасында ұйкыбездің проекциясыңда шел қабатының атрофиясы;
— без проекциясыңдағы терінің гиперпигментациясы. Іштің пальпациясында анықталатын белгілер Ұйқыбез басының зақымдануына тән белгілер;
— Шоффар зонасындағы ауырсыну (кіндіктен өткізген вертикальді және горизонтальді сызықтар аралығындағы оң жақтағы тік бұрыштын биссектрисасының ішкі жағындағы аймақ),
— Дежарден нүктесіндегі ауырсыну — кіндікті оң қолтықасты шұңқырымен қосатын сызық бойында, кіндіктен 6 см жоғары орналасатын нүкте.
— Губерфиц-Скульскийдің зонасында ауырсынудың болуы. Бұл зона Шоффар зонасымен бірдей, тек вертикальді сызықтын сол жағында орналасады. Ұйқыбез кұйрығының зақымдануына тән белгілер:
— Губергриц нүктесінің ауырсынуы — Дежарден нүктесімен бірдей, бірақ сол жақта орналасады;
— Мейо-Робсон нүктесінің ауырсынуы — кіндік пен сол қабырға иінінің ортасын қосатын сызықтың сыртқы және ортаңғы үштігінің шекарасында орналасатын нүкте. Ұйқыбез денесінің және құйрығының зақымдануында сол қабырға-омыртқалық бұрыштың ауырсыну байқалады. Созылмалы панкреатитте осы белгілермен қатар сол жактық френиқус-симптом және Кач белгісі (сол жақ ІХ-ХІ кеуделік нервтердің иннервациялау аймағында терінің гиперестезиясы) анықталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі