Өлең, жыр, ақындар

Патологиялық тұқымқуалаушылық

Адамдағы тұқым қуалайтын патологияны зерттеу Гиппократ (б.э.д. 460-370 ж.), заманынан басталады, яғни адамның көзінің қылилығы және қасқабастық белгілерінің жанұялық түрде қайталанатынын байқады. Ол сондай-ақ талма және жасы ұлғайған адамдарда соқырлықты тудыратын көздің кейбір ауруларының тек белгілі бір жанұяда ғана көрінетінін байқады. Адам генетикасына XVIII ғасырда П. Маупертус қызығушылық көрсетті, яғни ол полидактилия және альбинизм аурулары кездесетін жанұялардың шежіресін құрастырды. Шежірені талдай келе, ол болашақ дүниеге келетін ұрпақтың аталған аномалиямен туылу жиілігін болжап айтты.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ф. Гальтон (1822-1911) адамдағы тұқымқуалаушылықты зерттеуде статистикалық әдісті қолданды. Ол сондай-ақ тұқым қуалайтын патологияны зерттеуде әлеуметтік аспектілерді де қолданды. 1909 жылы А. Гаррод негізінде «ген — зат алмасу реакциясы» қатынасы жататын «туылғаннан пайда болатын» бірнеше тұқым қуалайтын ауруларды сипаттады. Сондай-ақ ол, мысалы алкаптонурия, рецессивті генмен бақыланатынын болжап айтты.

Тұқым қуалайтын патология зерттеудің маңызы өте зор. Мысалы, 1900 жылғы есеп бойынша балаларда туа біткен аурулар нәтижесінде өлім 5:1000 қатынасын құрады. Қазірдің өзінде осы көрсеткіш өзгерген жоқ. Бірақ-та 1900 жылғы мәлімет бойынша өлім 1000 баланың 150-і болды, ал 1960 жылы бұл көрсеткіш 1000 баланың 20-на өзгерді.

Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу біздің заманымызда қоршаған ортаның радиациялық және химиялық ластануына байланысты өзекті мәселеге айналды. Есептеу нәтижесінде барлық белгілі аурулардың ішінде 1/4-нен 1/2-не дейін табиғаты генетикалық аурулармен сипатталады. Әлемде тұқым қуалайтын аурулар жүрек-тамыр және ісік ауруларынан кейін үшінші орында тұрады. Шамамен, жаңа туған нәрестелердің 3%-ы генетйкалық ақаулармен сипатталады. Адамның әр гаметасы әртүрлі мутациялармен сипатталатын және нәтижесінде ұрықтың өліміне әкелетін қате генетикалық акпарат алып жүреді. Адам популяциясында түрлі мутациялармен сипатталатын шамамен, 3000-нан астам әртүрлі тұқым қуалайтын аномалиялар топтамасы генетикалық жүкті құрайды.

Популяцияда сегрегациялық және мутациялық жүкті ажыратады. Сегрегациялық жүк — бұл бірнеше ғасырлар бұрын өмір сүрген адамдарға тэн генетикалық жүктің қазіргі заманғы адамдарда көрінуі. Бұл жүк антропогенездің әртүрлі этаптарында өмір сүрген арғы атасынан келуі мүмкін. Сегрегациялық жүкті «ескі» мутациялармен сипатталады деп айтуға болады. Мутациялық жүк — бұл әр жаңа үрпақта туындайтын хромосомалар мен гендердің «жаңадан» пайда болған мутацияларының жиынтығы, яғни генетикалық жүгі.

Сонымен, тұқым қуалайтын патология хромосомалық гендер мутациясымен және хромосомалар мутациясымен сипатталады. Осыған байланысты негізінде гендік мутациялар жататын ауруларды гендік аурулар деп, ал негізінде хромосомалық мутациялар жататын ауруларды хромосомалық аурулар деп бөліп қарайды.

Клеткадағы митохондрияда өзінің генетикалық коды болғандықтан ондағы мутацияларды жеке бөліп, туындайтын ауруларын митохондриялық аурулар деп бөлек топтайды. Осы жіктеудің жалғасы ретінде тағы бір топ мультифакториальды ауруларды айтуға болады. Бұл топтағы аурулардың туындауына тұқым қуалауға бейім, яғни гендер жүйесі бір жағынан жэне екінші жағынан сыртқы орта факторлары әсер етуі керек.

Гендік мутациямен сипатталатын тұқым қуалайтын патологиялар. Қазіргі кезде хромосомалық гендер арқылы сипатталатын шамамен 1500-ден астам тұқым қуалайтын аурулар белгілі. Бұл аурулар популяцияда әртүрлі жиілікте кездеседі, орта есеппен 1 : 10 000. Бірнеше миллион адамға шағып есептегенде тұқым қуалайтын аурумен ауыратын адамдар саны артық болады. Ең бастысы, бұл аурулар өте ауыр жағдаймен сипатталады және әруақытта тек физикалық қана емес, сонымен қатар адамның психикалық денсаулығына да әсер етеді. Олардың көпшілігі емделмейді немесе кейбіреулері радикальды түрде.

Тұқым қуалау типіне байланысты гендік ауруларды аутосомдыдоминантты және аутосомды-рецессивті деп бөледі, сонымен қатар жыныс хромосомаларында орналасқан гендердің мутациясынан туындайтын ауруларды жеке бөліп қарайды. Гендік аурулардың маңызды ерекшелігі олардың гетерогенділігі болып табылады, яғни әртүрлі мутация фенотиптік көрінуі бойынша ұқсас болып келеді. Бұл құбылыс көптеген гендік ауруларды клиникалық диагностикалауды қиындатады.

Тұқым қуалаудың аутосомды-доминантты типі бірнеше ауруларға тән. Бұл аурулар әр ұрпақта гетерозиготалы тасымалдаушыларда кездесіп отырады, ал сибстер арасында 1:1 қатынасында кездеседі. Бұл ауруларға көп жағдайда толық, кей жағдайда жартылай гендердің пенетранттылығы тән. Гендердің экспрессивтілігі де толық емес, яғни әртүрлілік түрлі жанұяларды ғана емес, сонымен қатар бір жанұя мүшелерінде де көрінеді. Мысалы, нейрофиброматоз бір жанұяларда теріні толық басатын болса, енді бір жанүяларда терінің жеке бөліктерінде ғана көрінеді. Кейбір аутосомды-доминантты аурулар туылғаннан кейін бірнеше уақыттан кейін көрінеді. Мысалы, Хангингтон хореясы синдромы шамамен, 30-40 жас аралығында көрінеді. Сондай-ақ аутосомды-доминантты ауруларға, егер ол доминантты гомозиготалы болса өте ауыр жағдайда өту тән.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз