Өлең, жыр, ақындар

“ALMATY CUP 1” АПФ форматындағы турнир

2021 жылы 25-қыркүйек Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы және Алматы қалалық “Жас Отан” Жастар Қанатының қолдауымен, "Волонтерлар лигасы" Қоғамдық қоры және Алматы пікірсайыс федерациясының ұйымдастыруымен қалалық “ALMATY CUP 1” АПФ форматындағы турнирі өтті.

Турнир «DEPO Evolution Park» жастар лофт-орталығында, колледж және университет студенттерінің қатысуымен «Сөз боcтандығы» тақырыбында өтті.  

Аталмыш турнир алдында шешендік өнерге байланысты ZOOM қосымшасы арқылы онлайн мастер-класс ұйымдастырылып, келесі күні оффлайн дебаттың маусымашары өтті..

Маусымашар пікірсайысқа дебат майталмандары қатысты. Төрешілер ойынға тіркелген 24 фракцияны өзара бөліп, турнир барысын түсіндіріп өтті. 1-раунд – іріктеу, фракцияларға «Бұл Палата Еуропалық Одақ ретінде Трансатлантикалық сауда және инвестициялық серіктестікке келісімін береді» атты резолюция берілді. 2-раундқа жағдаяттық қарар ұсынылды. 3- раунд бойынша «Бұл Палата Халықаралық қауымдастық ретінде Талибан үкіметіне Ауғанстан резервтерін пайдалануға рұқсат береді» деген резолюция бөлінді. 3 раундтан соң тіркелген 24 фракцияның 8-і қалып, «Бұл Палата Лукашенко ретінде Беларусь Республикасы басшысы болғанша Ресей құрамындағы Беларусь облысының губернаторы болған тиімді деп есептейді» атты қарар бойынша пікірталас басталды. Одан соң жартылай финалға 4 команда қалып, финалда «Бұл Палата 30 жылда ең жақсы даму жолын көрсеткен посткеңестік республиканы көрсетеді» атты резолюция берілді. «Үздік төреші» номинациясын Әлішбай Мұхамедәлі, «үздік ұйымдастырушы» номинациясын Жеңісханқызы Айдана иеленді. Фракциялар бойынша, 4-орынға «Феникс», 3-орынға «Әділ саясат», 2-орынға «Феномен» және 1-орынға «Жастар Арланс» фракциясы иеленді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз