Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық.
Н.Ә.Назарбаев.
Өмір – адамзат баласына берілген баға жетпес сый. Өмірдің біз үшін қымбат әрі тәттілігі сол, оны барынша аялап, мәнді, мағыналы етіп өткізбесек, қас-қағым сәтте, көзді ашып-жұмғанша өтеді де кетеді. «Өлшеніп берген өмір бар» дегендей, бұл жалғанда ешкім де, ешнәрсе де мәңгілік емес. Адам баласы шыр етіп, жарық дүние есігін ашқаннан кейін өмірдің сан қилы жолдарынан, бұралаң-белестерінен өтеді. Тағдырдың небір тарам жолдарымен жүрсе де адам өз өмірінің мәнін жете түсінуі, сезінуі қажет.
Тақырыпты ең алғаш көріп,байқау ережелерімен танысқан кезде,біраз абдырап, қобалжып, ұзақ ойланып қалғаным рас.Неден бастап жазамын?Қалай мен дәл осы тақырыпты толық ашып,саралап,оқуға тұрарлық мақаланы жазамын.Неге?Себебі,бұл тақырыптың қамтитын аумағы кең,қарастыратын мәселесі өте өзекті.Екінің бірі ақтарылып, өз ойын бүкпесіз айта алатын тақырып емес.
Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт. Бүкіл адамзат баласына үлкен қауіп төндіруге қауқарлы, ғаламдық дертке айналған есірткіге тәуелділік біздің қоғамда да бар. Осы бір зияны орасан затты бір қолданып көрген адамның тағдыры күрт өзгеріп, өмірінің мән-маңызын жоғалтып алатыны да – белгілі жайт. Статистика бойынша қазіргі кезде есірткіні қабылдайтындардың көпшілігі жастар болып отыр. Мәселен, елімізде 5 мыңға жуық жасөспірім есірткі тұтынады. Оның ішінде ең жасы 7 жаста. Мектеп табалдырығын енді ғана аттап,әліппемен танысқан 7 жасар баланың есірткіге әуес деп айту,адам айтса нанғысыз жәйт.Бесіктен белі енді шыққан баланың мұндай құрдымға батуы неден деп,әрине толғанамыз.Оған себеп те,салдар да жетерлік.Алайда,мәселені шешу жолы оңайға соғып тұрған жоқ.Бұл мәселені шешуде ең бірінші-денсаулықтың қадірін жөнді түсіндіріп,берілетін тәлім-тәрбиеміз тас қамалдай берік болуы керек.
Баланы қазіргі таңда тәрбиелейтін басты құрал не?Балаға тәрбиені көгілдір экран,бүкіл әлемді бойына жинап алған смартфон беретіні айтпаса да белгілі.Ата-ана баламен отырып,сырласып,бір бірімен әңгіме дүкен құрудан қалды.Дана Абай атамыз өз сөзінде:"Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң."-деген екен.Міне, дәл осы күні осының зардабын тартып отырғанымыз шындық.Хакім Абай атамыздың заманында «тәйт» десе тыйылатын,бағалы тәрбиеден де тым алыстап бара жатқан сияқтымыз. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды», - дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтың мәселе болған.Ұлтымыздың,қазақ халқымыздың болашағы өз қолымызда.
Адам үшін деннің саулығы өте маңызды. Денсаулық – баға жетпес байлығымыз,жарқын өмір сүруіміздің кепілі. Алайда, қоғамда өз денсаулығына немқұрайлы қарап, есірткі, темекі сияқты зиянды заттарға әуестеніп, өмірінің қысқаруына өзі себепші болып жатқан жандар баршылық. Бұл – өте өкінішті! Есірткі адамның рухани жан-дүниесін күйретіп, санасын улап, өзінің кім екенін, қайдан келіп, қайда баратынын білмейтін мәңгүрттікке жетелейді. Есірткі қолданған адам өз өмірін құртқаны былай тұрып, маңайындағыларға да үлкен қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан, есірткіге тәуелдікпен қоғам болып күресу аса маңызды.
Бүгінде тәуелсіз, жан-жақты дамыған, мықты елдермен бәсекеге түсе алатындай дербес елге айналдық. Елімізде тыныштық, береке-бірлік бар. Десек те, біз Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді, осы жайлы өмір бізге қалай келгенін әрдайым есімізден шығармауымыз тиіс. Ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдар бойы бейбіт күнді армандағанын, азаттық жолында ұлт болашағы үшін жандарын қиғанын, жерімізді, елдігімізді, бірлігімізді сақтап, оны ұрпағына аманат етіп қалдырғанын түйсігімізбен сезініп өтуіміз керек. Аманатқа қиянат жасамай, мағыналы өмір сүріп, бейбітшілігімізді мәңгілік етуге атсалысуымыз қажет. Ал, бұл аманатты тек есірткісіз қоғамның ақжүрек, адал ұрпақтары орындай алады.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу-біздің қолымызда.Еліміздің ертеңі жарқын болуы-дәл осы сәттен басталады.Есірткі заттарды тұтынудың алдын алу үшін қоғам болып жұмыс жасап,жаднама,брошюралар шығарып,жасөспірімдер мен жастар арасында түрлі шаралар,пікірталастар өткізуіміз керек.
Жеке басқа келгенде, әркім - өз өмірінің «қожайыны». Ғажайып өмірді адам өзі жасап ала алады. Ол үшін тәрбие мен білімді бойына сіңіріп, жақсы мен жаманның аражігін ажырата алатындай дәрежеде болса болғаны. Есірткісіз өмір қашанда ғажайыпқа толы болмақ.
Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Садық Гүлжан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі