ҚЫЗЫЛОРДА ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз-өмір ғажайып"
Елбасының “Қазақстан-2030 жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Адамның денсаулығы-ең маңызды байлық болғандықтан оны сақтап, күту керек.
Салауатты өмір салты дегеніміз бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған белсенді іс-әрекет. Бұған дұрыс тамақтану, денені шынықтыру, зиянды әрекеттерден:темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және басқа да заттардан аулақ болу жатады. Себебі, қазіргі таңда көптеген жастар жаңа заттарға әуес болып, осындай зиянды әрекеттерге барып жатады. Оның бірі- есірткі.
Есірткі-адам өмірін құрдымға сүйреп, оған үлкен зиянын тигізетін химиялық зат. Оны бір қолданғаннан-ақ естен айырып, адамды ауру қылып, өзіне тәуелді етеді. Қазіргі кезде есірткіні тығылып сақтап, сатып, тұтынып жүрген адамдар қаншама, және олардың қолға түскендері үлкен қылмыстық жазаларға тартылып жатыр. Өкініштісі, ол біздің Қазақстанға да жеткен. Есірткіні өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Бірақ оның зияны өте үлкен екеніне көңіл бөліп қарамайды. Сондықтан көптеген жастар осыған құмарлық танытады. Бұл-нашақорлық деп аталады. Өзгелер оған осы зиянды заттарды тұтынып көруге кеңес береді. Солайша жастар оған еліктеп оның дәмін татып көреді, және басқаларыда бұдан қалыспай, пөзін ересек адам ретінде көрсеткісі келіп, одан ләззат алады. Ал уақыт өте келе оның зиянды жақтарыда әсер ете бастайды. Бұл есіркіні олар ақша табу мақсатында қоладанады. Сол арқылы ол өзінің және өзгенің өміріне балта шабады.
Ал есірткісіз өмір ше? Есірткісіз өмір-ғажайып. Себебі, ең алдымен сенің денің сау, болашағың жарқын, жақын адамдарың жаныңда, өмірің бақытты болады.
Біз жастар-еліміздің жарқын болашағымыз. Қазақстанның болашағы-біздің қолымызда. Жарқын болашақ, мәңгілік ел үшін дені сау, білімді, білікті, ақыл-есі дұрыс, алдына мақсат қойып, сол мақсатына жете білетін жас ұрпақ қажет. Бізде сондай бола аламыз, тек жаман әдеттерге, зиянды әрекеттерге еліктемей, өз жөнімізбен, түзу жолымызбен жүруіміз керек. Жақсы білім алып, жақсы маман иесі болып, елге адал қызмет ету біздің парызымыз. Себебі, біз елдің қамын қазірден бастап ойлайтын жас буынбыз. Сондықтан есірткісіз өткен бақытты шақтарымыздың қадірін білу керекпіз.
Алматай Зарина
Қызылорда қаласы
"Абай" атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 9 "р" сынып оқушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі